Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САУРАНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

САУРАНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы өткізген брифингтердің біріне қатысып, Сауран ауданы мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаевтың атқарған жұмыстары туралы кеңінен айтып өтейін. Шыны керек, Сауран – жас аудан, бірақ даму қарқыны жасына қарамай жақсы байқалып тұр.
Сержан Ермекбайұлы әңгімені ауданның құрылу тарихынан бастады. 2021 жылы Түркістан облысының құрамында қайта құрылған бұл аудан бүгінде 12 ауылдық округ, 33 елді мекеннен тұрады. Халық саны – 104 мыңға жуық. Мәслихаттағы 16 депутаттың 14-і «AMANAT» партиясының өкілдері екенін де атап өтті.
Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст "AMANAT Αл A MAI cO"
Жыл басынан бері аудандық мәслихатта 9 сессия өтіп, 68 маңызды шешім қабылданыпты. Депутаттар да қарап отырмаған: жергілікті атқарушы органдарға 107 депутаттық сауал жіберіліп, оның 91-і толық орындалған, қалғаны орындалу үстінде. Тек төрағаның өзі 47 сауал жолдапты. Көбіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, жолаушылар көлігі мен жол мәселелері көтеріледі екен, яғни халық күнде бетпе-бет келетін тіршіліктің өзекті тұстары.
Мәслихат аппаратына жеке және заңды тұлғалардан түскен 17 өтініштің барлығына да уақытылы, заңға сай жауап берілгені де айтылды.
Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст "AMANAT -e.3AиK, Tiperimi3 Tameлcй3AίK, -B,6Aapblmbl 6πίκ TineriMia θAίлeT, 6aeAapblmbl3 AMAN 2ተተተ AMA AMANAT AM AMAN"
Ең қызығы – ауылдарды аралау барысы. Жыл басынан бері ауданның барлық 12 округінде есептік кездесулер мен көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, 75 тұрғынның өтініші тыңдалған. Аса зәру мәселелер бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін Мәжіліс пен Сенат депутаттарына 67 сауал жолданыпты.
Сержан Ермекбайұлы партия филиалымен бірге сайлауалды бағдарламаны орындау бағытындағы жұмыстар да жүйелі жүріп жатқанын атап өтті.
Ал енді жүрекке жылу сыйлайтын қайырымдылық шаралары бойынша да айтайын. Осы жылы ғана демеушілердің көмегімен 4 отбасы баспаналы болған. Халық қалаулыларының нақты өмірлік жағдайларға араласып, қиын сәтте тұрғындарға қолдау көрсетуі – көпке үлгі.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "bor B80 δου"
Қысқасы, Сауранда мәселе сөзбен емес, іспен шешіліп жатыр деген әсер қалдырды.
Осындай кездесулер халық пен биліктің арасын жақындататыны сөзсіз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*