Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ШАРДАРАДА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ШАРДАРАДА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТШЫСЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Қол күресінен Әлем кубогының иегері Самат Мұқасанға жаңа пәтердің кілті табысталды. Бірнеше дүркін Азия және Қазақстан чемпионы, халықаралық додаларда еліміздің атын әлемге танытып жүрген “Шардара Армспорт” клубының спортшысына аудан әкімі Арман Қарсыбаев төрт бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады.
“Самат Мұқасан – спорттағы табандылықтың, елге деген адалдық пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Осындай жастарымыздың арқасында Шардараның ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройы асқақтап келеді. Бұл сый – оның еңбегіне берілген лайықты баға әрі жастарға үлгі болары сөссіз”, – деді аудан басшысы.
Чемпионға табысталған жаңа баспана – оның қажырлы еңбегінің жемісі ғана емес, болашақ спорт шеберлері үшін шабыт пен сенімнің белгісі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*