Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістанда өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттары арасындағы кіші футболдан облыстық біріншілік өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған додаға 18 команда қатысты.
Футбол бәсекесінің марапаттау салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларға медальдар мен кубок, ақшалай сертификаттарды табыс етті.
Жарыстың қорытынды есебі бойынша жеңіс тұғырынан Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарынан құралған команда 1-орын алып, 1 млн. теңгені иемденді.
Ал жүлделі 2-орыннан көрінген Төлеби аудандық мәслихатының депутаттарына 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Дүбірлі додада 3-орынды Түркістан қалалық мәслихаты 300 000 теңгемен жеңіп алса, Арыс қалалық мәслихат депутаттары 4-орыннан көрініп, 200 000 теңгені иеленді.
Сонымен қатар алаңда белсенділік танытқан депутаттарға арнайы номинациялар бойынша дипломдар мен 50 мың теңгеге қаржылай сертификаттар табысталды.
Жетісай аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов – «Үздік ойыншы», Бәйдібек ауданының қатысушысы Нұрғали Тұрлыбеков – «Үздік шабуылшы», Мақтаарал ауданының қатысушысы Мұхан Тұрсынханов – «Үздік қақпашы», Сайрам ауданының қатысушысы Қадырбек Қуатбеков – «Үздік қорғаушы» атанды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*