Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ПРЕЗИДЕНТ ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАП ОТЫР. АЛ КЕЙ БЛОГЕРЛЕР НЕГЕ КЕРІ ТАРТҚАНДАЙ?

ПРЕЗИДЕНТ ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАП ОТЫР. АЛ КЕЙ БЛОГЕРЛЕР НЕГЕ КЕРІ ТАРТҚАНДАЙ?

Кеше желіні шолып отырып, көзіме бір «ақпарат» ілікті. Ақпарат дегеннен гөрі ашуын баса алмай, ойына не келсе соны төге салған видеоға көбірек ұқсайды. Көріп болған соң, шынымен таңғаласың. Біреуді қаралау оңай, ал фактіні түсініп айту неге сонша қиын болып кеткен?
Возможно, это изображение костюм и текст "JNRAY GROUP SINCE SINCE2024. 2024."
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан сөз бар:
«Отандық кәсіпкерлер – ел экономикасының тірегі». Айтқаны – ақиқат. Елге жұмыс беріп отырған сол кәсіпкерлер.
Бюджетке салық төлеп отырған солар. Ауылдың жолын, суын, газын тартып жүрген тағы солар.
Мемлекет басшысы өзіміздің бизнеске кең жол ашу керек деп отырғанда, әлеуметтік желідегі бір блогердің еш дәлелсіз «жаңа сенсация» ойлап тапқанын қалай түсінеміз? Әсіресе ол ақпарат жұртты адастыруға бағытталғаны анық көрініп тұрса…
Түркістан облысы мен Шымкентте он, жиырма жыл бойы адал еңбегімен өндірісін дамытып, жүздеген адамға тұрақты табыс беріп отырған кәсіпорындар бар. Солардың бірі – Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбіштің отбасына тиесілі компания.
Бұл кәсіпорынның жыл сайын 700 миллион теңгеге жуық салық төлейтіні нақты дерек.
Ал жұмыспен қамтылып отырған адам саны 700-ден асады. Бұл – бір ауданның экономикасын көтеретін көрсеткіш.
Возможно, это изображение текст "5 Беорте тилк милка"
Енді сұрақ:
Елге еңбегі сіңіп отырған кәсіпкерлерді «жау» қылып көрсетуден кім ұтады?
Желіде тараған видеода «231 млрд табыс тапқан» деген дақпырт бар. Экономикаға бір рет болсын үңілген адам оның «табыстан» ада, кәдімгі айналым екенін біледі. Айналым – табыс емес. Оның ішінде жалақы да бар, салық та бар, коммуналдық төлемдер де, шикізат та, өндірістік шығынның бүкіл спектрі бар. Оны елемей отырып «тапқан екен» деу білімсіздік пе, әлде әдейі бұрмалау ма?
Ал енді сол блогерлердің өздері туралы бір сәт ойланайықшы.
«Таза» болып көрінгісі келетіні анық. Бірақ тендерден ақша алып отырғандары аз емес. Тіпті кейбірінің табысы кәсіпорындардыкінен асып түсетінін жұрт бәрібір біледі.
Айтпағанмен, бәрі көріп, біліп, сезіп отыр.
Президент кәсіпкерлерді қолдап, отандық бизнеске жағдай жасау керегін айтып отырғанда, елге пайдасын тигізіп отырған азаматтарды жөнсіз қаралау Президент саясатына қарсы шығумен тең емес пе?
Возможно, это изображение один или несколько человек и костюм
Қорытынды біреу:
Фактіні білмей жатып айқай салу журналистика емес, жауапсыздық. Ал, елге қызмет етіп отырған кәсіпкерлерді орынсыз қаралау қоғамды шатастыру ғана. Қысқасы, жұртқа пайдасы бар іске тіл тигізгенше, нақты дерекпен сөйлеген жөн.
Қалғаны бос әуре.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*