Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кіші футболдан турнир өтті. Іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Турнирге қаланың бес ауданынан жасақталған 10 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Доданың басталуы алдында төрешілер қатысушыларға ойын ережелерін түсіндіріп, жеребе тарту рәсімін өткізді.

Жарыс қорытындысында:
– «Тұран» командасы – І орын,
– «Әл-Фараби – 1» командасы – ІІ орын,
– «Тұлпар» командасы – ІІІ орын иегері атанды.
Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Оспан мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Пробация қызметі басшысы Айбек Жылқайдарұлы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Турнир соңында қатысушыларға дипломдар, кубок және қаржылай сыйлықтар табысталды.
© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары