Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Годовые архивы: 2026

ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласында цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы айтылды. Шымкент қаласында цифрлық технологиялар мен инновациялық жобаларды дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Жыл басынан бері цифрлық кәсіпкерлікті қолдау, IT-білім беруді дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Өңірдегі технологиялық экожүйені қалыптастыру мақсатында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЦИФРЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЫҒАЙТЫЛУДА

Шымкент қаласында цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, интернет қолжетімділігін кеңейту және ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтуге бағытталған. Қалалық әкімдік пен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының бірлескен жұмысы нәтижесінде «Smart Data Ukimet» ақпараттық жүйесі негізінде Шымкент қаласының ситуациялық орталығы құрылды. Аталған жүйе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректерді жинауға, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласында монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылуда. Жылдың алғашқы жартыжылдығында департамент тарапынан нарық субъектілерінің әрекеттеріне қатысты бірнеше тексеру және алдын алу шаралары қолға алынған. Қазіргі таңда «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Шымкент өндірістік филиалына қатысты тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу барысында тұтынушыларға тұрмыстық газды пайдалану қағидаларын бұзды деген негізде актілер толтыру және қайта есептеу жүргізу арқылы үстем жағдайды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін, Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2026 жылдың I жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы айтылды. Шымкент қаласында бәсекелестік ортаны дамыту және нарықтағы әділ бәсекені қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті хабарлады. Жыл басынан бері департамент тарапынан 9 ...

Читать далее »

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы демалысын ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Мамандардың мәліметінше, биыл қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 1–10 сыныптарында білім алатын 262 мыңнан астам оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру жоспарланған. Оның ішінде 245 мыңнан астам бала сауықтыру, танымдық және тәрбиелік іс-шаралармен қамтылады. Жазғы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы әкімінің 2026 жылғы 19 мамырдағы №2215 қаулысына сәйкес Балалар құқықтарын қорғау басқармасы құрылды. Басқарманың негізгі міндеттерінің бірі – балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңды мүдделерін сақтау. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері басқарманың ерекше бақылауында болады. 2026 жылы Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 1–10 сыныптарында білім алатын 262 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласында балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен абайсызда құлау жағдайларының алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. 2026 жылдың басынан бері қала аумағында балалардың терезеден құлауына байланысты 4 оқиға тіркелді. Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы осындай 5 оқиға тіркелген. Жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, барлық оқиғалар ата-аналардың немесе ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы және пәтер терезелерінің ашық болуы салдарынан орын ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы №123 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген. Оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Олар – Тоғыс су қоймасындағы «Райский ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы: «Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды»

Мемлекет басшысы: «Қазақстан соңғы 15 жылда көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы салды». Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге Қазақстанның Еуропаны Орталық Азиямен, Қытаймен, Кавказбен және Таяу Шығыспен байланыстыратын өңірлік логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын айтты. – Біз инфрақұрылымға, атап айтқанда, мыңдаған шақырым темір жол салуға және Транскаспий халықаралық көлік ...

Читать далее »

Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі

Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті. – Бүгінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады, оның үлесіне Қазақстанға шетелден тікелей тартылған инвестицияның жартысына жуығы тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде ...

Читать далее »