Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Айқын нәтиже» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қаратау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мен полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген шара барысында алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың 16 фактісі анықталды. Нәтижесінде жалпы құны 7,7 млн теңгені құрайтын 6 844 бірлік алкоголь өнімі заңсыз айналымнан алынды. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Өз кезегінде Қаратау ауданының прокуратурасы алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сатуға, заңда белгіленбеген уақытта өткізуге, сондай-ақ арнайы лицензиясыз саудалауға заңмен тыйым салынғанын ескертеді. Аталған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастырып, азаматтардың қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес — «Заң мен Тәртіп» қағидатының негізгі бағыттарының бірі. Заң талаптарын сақтамау адал кәсіпкерлік ортаға кері әсерін тигізетіндіктен, мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жұмыстары тұрақты бақылауда ұсталады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, алкоголь өнімдерін өткізуге қойылатын талаптар мен заңнама нормалары кеңінен түсіндірілуде. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылықтардың алдын алып, кәсіпкерлік қызметтің ашық әрі заңды жүргізілуіне жағдай жасайды.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы кешенді шаралар алдағы уақытта да жалғасып, қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз сауданың жолын кесу және тұрғындардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтуге мүмкіндік береді.

 

фото: arainfo.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*