Деструктивті діни ағымдардың радикалды ниеттері туралы сөз болғанда бірінші кезекте Ислам діні мен экстремизм ұғымдары пайда болады. Алайда, ол дұрыс емес. Ислам діні ешқандай экстремизмге де, терроризмге де қатысы жоқ.
Экстремизм – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қорқынышы. Қазіргі таңда ғылыми және технология дамуының шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта діни экстремизм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдары бетінен жиі орын алуда.
Бұл оқиғалар Ислам дініне де өз әсерін тигізетіні анық. Жалпы ислам діні тазалықты талап ететін дін, адамның жаратылысымен пайда болған әртүрлі қажеттіліктерін таза жолмен табуды, қанағаттандыруды бұйырады. Сондықтан зинақорлық, өсімқорлық, маскүнемдік, нашақорлық сықылды жат қылықтарды жақтырмайды.
Діни экстремистік бағыттағы қылмыстар қылмыскерліктің құрамдас бөлігі болғандықтан, негізінен осы қылмыс түрінің себептік негіздері бойынша ғалымдардың зерттеуінде жалпы экстремизм түрлерінің таралуына экономикалық, этникалық, тарихи, психологиялық, әлеуметтік және саяси мән-жайлардың жиынтығы себеп болғандығын көрсетеді.
Дін ұстануда өте абай болып, дәстүрлі дін өкіліне жүгенгеніміз жөн.
Діни экстремизм мен терроризм.
Экстремизм мен терроризм бүгінгі күні қоғамның өте қауіпті проблемасына айналып, мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде адамдарды кепілдікке алу, ұрлау, мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық орындарда жарылыстар, стратегиялық нысандарға шабулдар жасау сияқты әрекеттер ел тыныштығына нұқсан келтіріп, халық арасында үрей туғызуда.
Сондықтан да терроризм мен экстремизмге қарсы күрес пен жасалып жатқан шаралар мемлекеттік көлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты мәселелерінің бірі болып табылады.
Экстремизм мен терроризм ұғымдары бүгінде елді таңқалдыратын ұғым болудан қалды. Ол әртүрлі діни, саяси, ұлттық қозғалыстардың белгілі бір мүдделерін жүзеге асырудың құралына айналды. Әсіресе, ислам дінінің атын жамылып, экстремизмге таңып отыру саясаты басым болып барады. Алғашқы кезде локальды сипаталған экстремистік құбылыстар қазіргі жаһандық мәселеге айналып кетті.
Бүгінгі таңда әлемде орын алып отырған келеңсіз жағдайларға қарамастан, Қазақстан өзін жылдар бойы «тыныштық пен тұрақтылықтың аралы» ретінде танытқан мемлекет болып келеді.
Ислам дінін жамылып, кереғар идеология жүргізгендер елімізде де бой көрсеткені белгілі. Алайда, Ислам соғысқа, қантөгіске шектеуқойған. Олтеррорға, зорлық – зомбылыққа, бейбіт жандарға күш қолдануға қарсы. Жалпы террордың ұлты да, діні де жоқ. Мұсылман адамның террорист болуы әсте мүмкін емес. Ислам дінінің терроризм және экстремизммен үш қайнасада сорпасы қосылмайды. Зұлымдық пен жанкештікке тек діни сауаты жоқ адамдар барады. Олар әлде кімнің «мынаны өлтіру керек», «ананы жару керек» дегендерін орындаумен жүргендер. Дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа қолжеткізу деген ұғым мүлдем жоқ.
Дін саласындағы мемлекеттік саясат.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерге сәйкес, елімізде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, соның ішінде лаңкестікке қарсы тұруға бағытталған мемлекеттік саясат жүзеге асырылып келеді.
Мемлекетімізде ұлтаралық және этносаралық келісімді, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, жастардың мүдделерін қорғайтын мемлекеттік саясат жұмыс істеуде.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы қоғамды терроризм және діни экстремизмнен келетін қауіптен қорғау жүйесін жасады, және оның тиімділігі уақыт өткен сайын күшейіп келеді.
Соңғы жылдары елімізде терроризмнің алғышарттарын анықтау және оны жою үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны құруда және оны жетілдіру бағытында айтарлықтай шаруалар еңсерілді.
Терроризм және діни экстремизмге қарсы күрес бағытындағымемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде лаңкестік қауіптің алдын-алуға бағытталған заңнамалық, ұйымдастырушылық және идеологиялық шараларды күшейту, терроризмнің тамырына балта шабу үшін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, насихаттық және өзге де тетіктер жасалып, оны одан әрі дамыту жұмыстары жүргізілді.
Елдегі терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс қимылда мемлекеттік органдардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың қосқан үлесін жоғары бағалай отырып, сонымен қатар бұл зұлымдықтармен күрес мемлекеттің және қоғамның барлық институттарының, барша қазақстандықтардың басты міндеті болып қала бермек.
Дін атын жамылған әрекеттер немесе деструктивті діни ағымдар.
Әлем болып терроризм мен экстремизмге қарсы күрескен сайын оның жаңа әдістері пайда болуда. Мәселен, бұрын террорлық жарылыстарды арнайы топтар ұйымдастырса, бүгінде ұлттық санаға кері әсер ету әдістерін пайдалануда. Бұл ретте еліміз қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында барлық шараларды жүргізуде.
Жалпы, жат дінге өтіп кетудің түрлі жолдары бар. Оның бірі, жастар мен тәжірибесі жоқ азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік желі арқылы таратылатын жалған насихаттарға еріп кетуі.
Радикалдық діни ағымдардың ұстанушылары өз идеяларын біздің ұлттық мәдениетімізден, рухани дәстүрлеріміз бен құндылықтарымыздан жоғары қояды және діни талаптармен өмір сүретін мемлекетті қоғамдық құрылыстың «ең дұрыс жүйесі» деп есептейді.
Ал мұндай шетін идеялардың біздің мемлекетімізге және сан ғасырлық тарихымыз бен мәдениетімізге қайшы келетіні айтпаса да түсінікті. Жалпы, зайырлы мемлекет болып табылатын біздің елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті дін жоқ. Керісінше, зайырлы мемлекетте діннің дамуына және азаматтардың діни сенім бостандығына кең мүмкіндіктер беріледі.
Осы орайда, біздің елімізде әлеуметтік қатынастар, соның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары діни нормалармен емес, зайырлы заңнамалармен реттеледі. Дін бұл салаларға араласа алмайды және араласпауы тиіс.
Жалпы, сәлафилерге ғана емес, барлық радикалдарға тән бір ерекшелік – олар өздерінің жалпы сауаттарының және зияткерлік деңгейлерінің төмендігінен рухани құндылықтарды емес, керісінше, адам мен қоғамның тұрмыс-тіршілігін, жүріс-тұрысын, киім киісі мен басқа да сыртқы көріністерін реттейтін хадистерді дәл сол күйінде сөзбе-сөз түсінеді және сол талаптарды толықтай орындауға тырысады. Осындай келеңсіз мәселелер еліміздің дамуының зайырлы қағидатын ілгерілетуге және зайырлы өмір сүру құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған жұмыстарды күшейте түсуді қажет етеді.
Сондықтан еліміздің діндар азаматтары, ең біріншіден, өз елінің патриоттары болуы тиіс. Олар жақсы білім алып, адал еңбек етуді, өздерін үнемі жетілдіріп отыруды, заң талаптарын сақтауды басшылыққа алулары керек.
Дінтану, теология және исламтану саласындағы кадрлар.
Діни экстремизм мен терроризм көрінісі әлем елдерінің ортақ мәселесі. Сол себепті, жер бетіндегі адамзатқа зиянын тигізіп отырған қандай да болмасын дін атын жамылушы ұйымдар, топ¬тармен күрес жүргізу, ақпараттық-насихаттық жұмыстарда азаматтарды көптеп қамту, деструктивтік және экстремистік діни ағымдардан зардап шеккен азаматтарды оңалту секілді іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып отыру қажет. Өйткені, бірінші кезекте мұндай діни ағымдарға ерушілер де, зардап шегушілер де құқықтық сауатсыздықтары кесірінен тап болып, құрбандыққа айналып жатады.
Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар қатарында халықты деструктивті діни ағымдардан қорғау, радикалданудың себептері мен алдын алу кеңінен қамтылуда. Қоғамға жат құбылыстан тек қана діни сауаттылық арқылы сақтануға болады.
Деструктивті діни ағымдардың теріс идеяларына мықты иммунитет қана қарсы тұра алады. Ол үшін, әрине дінсаласындағы сауатты көтеру негізгі күрес құралы болып есептеледі.
Жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардың анықтамасы, белгілері арқылы анықтау, теріс идеяларына қарсы тұру мақсатында мамандардың біліктілігін көтеру басты жұмыстардың бірі. Себебі деструктивті діни ағымдардың тәуелділігіне түскен азаматтарды оңалту бойынша және азаматтардың жат ағымдардың жетегіне кетпес үшін құқықтық, психологиялық, дінтанулық кеңес беретін мамандардың рөлі ерекше.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары