Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2026 (страница 26)

Годовые архивы: 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Түркістан облыстық филиалының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы 4 айында өңірде 98 жағдайда жасалған жоғары технологиялық медициналық оталарға 469 млн теңге жұмсалды. Бүгінде медицина саласында жоғары технологиялардың көмегімен орындалатын операциялар мен күрделі медициналық манипуляциялардың маңызы артып келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі есебінен кардиохирургия, нейрохирургия, урология, травматология, онкология, жалпы хирургия және басқа да бағыттар бойынша ай ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТАҒЫ АТШАБАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ШЕРУІ ӨТТІ

Ұлы Жеңістің 81 жылдығы құрметіне Түлкібас ауданы атшабарында “Ұлы Жеңіске тағзым” атты ұлттық спорт ойындарынан ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шара ұлттық ат спорты ойындарының әсерлі шеруімен бастау алды. Шеруді КСРО-ның 9 дүркін чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері Әбілхан Дауылбаев бастап шықты. Ардақты азамат көпшілікке ақ батасын беріп, дүбірлі додаға сәттілік тіледі. Ұлттық ойындардың шымылдығы көпшіліктің қызығушылығын тудырған қыз қуу ойынымен ...

Читать далее »

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «MAGISTER ART» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ РЕНАТО САПОРИТОМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров италиялық «Magister Art» компаниясының президенті Ренато Сапоритомен кездесті. Кездесу барысында құрылыс, мәдениет, креативті индустрия және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Түркістан өңірінің тарихи-мәдени мұрасын таныту, туризм әлеуетін арттыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ өңірде туризмді дамыту және инвестиция тартуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ӨТЕТІН ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САММИТІ БАУЫРЛАС ЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТА ТҮСПЕК

Қасиетті Түркістан қаласы биыл Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының бейресми саммитін қабылдайды. Маңызды саммиттің өтетіні туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында мәдімдеген болатын. Бұл – түркі әлемі үшін тарихи әрі символдық маңызы зор оқиға. Ғасырлар бойы түркі өркениетінің рухани орталығы саналған Түркістанда өтетін кездесу бауырлас мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, түркі бірлігінің маңызын айқындай ...

Читать далее »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Төлеби ауданы Аққұм ауылында «Мұхит Әлі» атындағы спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Қуанышты сәтке аудан және облыс тұрғындарымен қатар көршілес Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан арнайы келген қонақтар қатысып, ақжарма тілектерін жеткізді. Аққұм ауылының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхит Оралбайұлы Әлі еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, бірнеше аудан мен қаланы басқарды. Әр жылдары Шымкент қаласы әкімінің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Түлкібас ауданында «Түркібасы – айбыным, «Шынар бастау» – айдыным» атты республикалық жастар шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Марапаттау рәсімі «Шынар бастау» мәдени-рухани демалыс кешенінде өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, отандық БАҚ басшылары, ғалымдар мен аудан тұрғындары қатысты. Алғаш рет ұйымдастырылған байқау Түлкібас өңірінің табиғи және тарихи ерекшеліктерін, ана тақырыбын, туған жерден шыққан танымал тұлғаларды еліміздің ақпарат кеңістігінде кеңінен насихаттауға арналды. ...

Читать далее »

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА БИЫЛ 200-ДЕН АСТАМ ТІК ДРЕНАЖДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛАДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов ауыл шаруашылығы жерлерінің мелиоративтік жағдайын жақсарту, жер асты сулары деңгейін реттеу және суармалы алқаптардың өнімділігін арттыру мақсатында ауданда жүргізіліп жатқан тік дренажды ұңғымалардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Аудан басшысы жауапты сала мамандарымен бірге Ж.Ералиев ауылдық округіндегі құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін, қолданылып жатқан құрылыс материалдарының сапасын және техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуын ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістандағы «Жеңіс» саябағы аумағындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Тағылымы мол мерекелік жиынға еңбек және тыл ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметкерлер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында сұрапыл соғыс жылдарында қаза тапқан боздақтардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды. Сондай-ақ «Мәңгілік алау» басына гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ...

Читать далее »

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҒАСЫР ЖАСАҒАН АРДАГЕРДІҢ ШАҢЫРАҒЫНА БАРЫП, АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаев ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын жеткізіп, арнайы сый-сияпат табыстады. Облыс әкімі ғасыр жасаған ардагерге елге сіңірген ерен еңбегі мен майдандағы ерлігі үшін ризашылық білдірді. Ақсақалмен әңгімелесіп, оның өмір жолы – кейінгі ұрпаққа өнеге екенін атап өтті. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 275 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАП ӨҢДЕЛДІ

Түркістан облысы аумағында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. 9 ауданда 300 мың гектарға жуық алқап өңделді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ордабасы ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, дәріленген аумақтарды аралады. Аудан әкімі 3 сектордағы жағдай туралы баяндап, қазіргі таңда Қараспан ауылдық округі, Қажымұқан ауылдық округі, Бөржар ауылдық округі және Бадам ауылдық округі аумақтарында жалпы 12 522 гектар ...

Читать далее »