Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2026 (страница 5)

Годовые архивы: 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 977 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын арттыру және еңбек нарығын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Түркістан облысында 2018 жылдан 2026 жылдың 1 маусымына дейінгі кезеңде облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында жалпы 977 654 жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының ішінде 265 245 адам Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен Ұлттық жобалар мен Тұжырымдамалар аясында жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 8 ЖЫЛДА 200-ГЕ ЖУЫҚ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНЫ ПАЙДАЛУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысында білім беру саласын дамыту, апатты, үш ауысымды және ыңғайластырылған мектептер мәселесін шешу бағытында жүйелі әрі жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған білім беру инфрақұрылымын дамыту және қолжетімді сапалы білім беру саясаты аясында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ өңірдегі білім саласын жаңғырту жұмыстары Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ...

Читать далее »

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Керуен-Сарай туристік кешенінде өткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара барысында аудан өнерпаздары ұлттық ән-күй мен дәстүрлі өнерді дәріптеген мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар қолөнер көрмелері мен этномәдени экспозициялар қойылып, Қазығұрт өңірінің бай мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуеті кеңінен таныстырылды. Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ ШАҒАЛАЛЫ ШАРДАРАНЫҢ МӘДЕНИ КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде облыстық «Өнерлі өлке» фестивалі аясында Шардара ауданының мәдени күндері жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. Мерекелік іс-шара барысында Шардара ауданының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері кеңінен насихатталды. Алаңға биіктігі 6 метрді құрайтын алып сәукеле орнатылып, ол қала тұрғындары мен шетелдік туристердің ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ келушілерге эксклюзивті қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік ...

Читать далее »

ТҰРАН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге құқықтық қолдау көрсету мақсатында Тұран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында аудан тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты кеңестер беріліп, олардың көтерген сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер ұсынылды. Азаматтар тұрғын үй, жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек құқықтары, алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 2026 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық және оның өту барысы талқыланды. Мәліметке сәйкес, қала аумағындағы орман қорын қорғау үшін өрт сөндіру станциясы, бақылау мұнарасы мен бекеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ өртке қарсы техникалар мен арнайы жабдықтар толық дайындыққа келтірілген. Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында 586 шақырым минералды жолақтар жыртылып, мамандарға арнайы оқыту жүргізілген. Бұдан бөлек, ...

Читать далее »

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері 2026 жылғы өрт қауіпті маусымының өту барысы туралы баяндады. Мамандардың айтуынша, өрт қауіпті кезең басталғалы қала аумағында құрғақ өсімдіктер мен қоқыстың жануына қатысты 53 дерек тіркелген. Табиғи өрттердің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

ДЕНЬ ГОРОДА: В МИКРОРАЙОНЕ SHYMKENT CITY ОТКРЫЛИ НОВЫЙ ПАРК

В преддверии Дня города аким Шымкента Габит Сыздыкбеков вместе с жителями и гостями мегаполиса принял участие в открытии нового парка в микрорайоне «Shymkent City». Реализация проекта на территории 4,2 га позволила сформировать одно из крупнейших общественных пространств города, предназначенное для отдыха, прогулок и активного досуга горожан. В рамках благоустройства обустроены прогулочные зоны, созданы пространства для отдыха, семейного времяпрепровождения и проведения ...

Читать далее »

ҚАЛА КҮНІ: SHYMKENT CITY ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Қала күні қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполис тұрғындары және қонақтарымен бірге Shymkent City шағынауданындағы жаңа саябақтың ашылу рәсіміне қатысты. Аумағы 4,2 гектарды құрайтын жобаны іске асыру нәтижесінде қаладағы ең ірі қоғамдық кеңістіктердің бірі қалыптастырылып, тұрғындардың демалысына, серуендеуіне және бос уақытын белсенді өткізуіне арналған заманауи орын пайдалануға беріліп отыр. Абаттандыру жұмысы аясында жаяу жүргіншілер аймақтары жасалып, тынығуға, отбасылық демалысқа ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 4 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мақтаарал ауданында білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында бірқатар мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, былтыр бастау алған төрт білім ордасындағы күрделі жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда жоспарға сәйкес жалғасуда. Бүгінде «Мырзакент» мектеп-гимназиясы, «Мақтаарал» мектеп-гимназиясы, О.Бапышев атындағы жалпы орта мектебі және «Жаңа жол» жалпы орта мектебінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысандарда ғимараттардың ...

Читать далее »