Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2026 » Апрель » 24 (страница 2)

Ежедневные архивы: 24.04.2026

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Сана биігіндегі заңғар тұлға» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шара ақынның елдік мұратын, азаматтық ұстанымын және ұлттық сананы көтерудегі шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталды. Кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, ақын Айдар Бастарбекұлы, кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы және облыстық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қаладағы Ә.Жангелдин көшесінде ауқымды жол құрылысы жүргізілуде. Теміржол аумағындағы бұрынғы 2 жолақты жолдың орнына заманауи талаптарға сай 4 жолақты автомобиль жолы салынуда. Сонымен қатар, су ағызу науалары орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол мен веложол құрылысы қатар жүргізілуде. Жаңартылып жатқан жолдың ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАС ІРІ ҚАРА МАЛҒА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеретін ірі жоба жүзеге асырылуда. Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Turkestan Agro.kz ЖШС базасында қолға алынған кешен толық қуатына шыққанда өңірдегі ең ірі өндірістік алаңдардың біріне айналмақ. Қазірдің өзінде мега-фермада 30 мыңға жуық мал бордақылануда. «Ақылды» ферма қалдықсыз өндіріс қағидатына негізделген. Жобаның ...

Читать далее »

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЗАҚТЫҢ ӘН ЖӘНЕ ТЕРМЕ ӨНЕРІН НАСИХАТТАП ЖҮРГЕН ӨНЕР ҚАЙРАТКЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мәдениет саласының өкілі, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген әнші, термеші Татьяна Бурмистровамен кездесті. Кездесу барысында ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі ән мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу мәселелері талқыланды. Әсіресе, қазақтың төл мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын терме мен дәстүрлі ән жанрын кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды. Татьяна Бурмистрова – ұзақ жылдар бойы қазақтың дәстүрлі ән өнерін ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Түркістан қаласында бір отбасының шаңырағына ерекше шаттық сыйлаған қуанышты оқиға – үшем дүниеге келді. 41 жастағы ана Марина Әуезханқызы бұл бақытты сәтті 15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен. Отбасында 17 және 15 жастағы екі перзенті бар. Енді араға жылдар салып, отбасы қуанышы еселенді. Нәрестелерге ата-анасы Айқын, Айдын және Арсен деген есімдер берген. Қуанышты сәтке орай перзентханадан шығару рәсіміне Түркістан қаласы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «ULYLARDYN OTANY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР СИМПОЗИУМЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында, Түркістан облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасы және облыстық Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен өткен «ULYLARDYN OTANY» халықаралық суретшілер симпозиумы салтанатты түрде қорытындыланды. 16–22 сәуір аралығында ұйымдастырылған ауқымды мәдени шараның негізгі мақсаты — Түркістан өңірінен шыққан ұлы тұлғалардың тарихи және рухани бейнесін кәсіби суретшілердің шығармашылық көзқарасы арқылы кенеп бетіне түсіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ халықаралық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА БАТЫРЛАР РУХЫ ДӘРІПТЕЛГЕН ТАҒЫЛЫМДЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Бүгін “Қолөнершілер” орталығында «Бабалар мұрасы — ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырлар мен қисса-дастандарды жатқа айтудан балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық байқау өтті. Байқаудың негізгі мақсаты — қазақ халқының бай тарихын, батырлардың ерлігі мен елдік рухын жас ұрпақ санасына сіңіру, ұлттық мұраны насихаттау және ауыз әдебиетіндегі эпостық жырларды дәріптеу болды. Байқауға өңірдің барлық аудан, қалаларынан жас дарындар қатысып, қазақтың батырлық жырларын ...

Читать далее »