Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жұмыс сапарымен Сызған ауылдық округінде болып, тұрғындармен ашық кездесу өткізді. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, іске асқан жобалар мен алдағы міндеттер жан-жақты талқыланды. Ақ кимешекпен ерекшеленген ауыл әжелері кездесудің ерекше көрінісіне айналды. Қариялар ақ батасын беріп, ауылға жасалған игі істерге ризашылықтарын білдірді. Ауыл тұрғындары өз кезегінде бұған дейін көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін тауып, бірқатар маңызды жобалардың ...
Читать далее »Месячные архивы: Апрель 2026
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚАБЫЛДАДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауға жауапты сала басшылары мен тиісті мекеменің өкілдері қатысып, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастырды. Қабылдауға келген азаматтар шығармашылық кеш өткізу, тұрғын үй алу, «Қазыбек би оқулары» байқауларын жоғары деңгейде ұйымдастыру, мәдени іс-шаралар өткізуге қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ көкпар ойынына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар мүгедектігі ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЗИЯНКЕС ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Биылғы жоспарға сәйкес, Ордабасы ауданында жалпы көлемі 26,3 мың гектар аумақ өңделмек. Бүгінде 47 мың гектар жер зерттеліп, шегіртке таралу қаупі жоғары аймақтар нақты айқындалды. Атап айтқанда, Қараспан және Қажымұқан ауыл округтері «зиянкестердің шоғырлану қаупі жоғары нүкте» ретінде белгіленіп, бұл аумақтарда алдын алу шаралары күшейтілуде. Зиянкестермен күрес жұмыстарына ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАДЫ
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау алаңында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға салалық басқарма басшылары қатысып, тұрғындардың өтініштері жан-жақты қаралды. Қабылдау барысында маңызды мәселелер көтерілді. Мәселен, Сауран ауданындағы А.Югнаки атындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қозғалды. Аталған нысан «Мектептерді жаңғырту бағдарламасына» енгізіліп, кезең-кезеңімен іске асырылады. Одан бөлек, Бабайқорған ауылдық округі, Игілік елді мекеніндегі «Месата» ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: «ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДА ДІННІҢ АЛАТЫН ОРНЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, басқарма жанынан құрылған «Ынтымақ-Түркістан» клубының аясында «Зайырлы қоғамда діннің алатын орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстық дін істері басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілдері, христиандық конфессия өкілдері, қала және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынның мақсаты – түрлі сенім мен дін ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ДАҢҚТЫ БАЛУАН ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шара аудан орталығы Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорт кешенінде ұйымдастырылды. «Қажымұқан – даланың дара батыры» атты салтанатты іс-шара аясында тағылымды басқосу ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, еліміздің әр өңірінен келген Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және қонақтар ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ
Кентау қаласында республикалық деңгейдегі «Жайдарман» ойындары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көңілді тапқырлар сайысын елімізге танымал «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, «Құрмет» орденінің иегері Есентүгел Елеукен жүргізіп, кештің атмосферасын айрықша өрнектеді. Кентау қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынған додаға еліміздің әр өңірінен және шетелден келген 12 команда қатысты. Атап айтқанда, Шымкент, Сарыағаш, Астана, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының командалары және ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы Олимпиадалық стандарттарға сай есу арнасында академиялық есуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты ресми түрде басталды. Ел біріншілігіне Қазақстанның әр өңірінен келген 6 команда құрамындағы 100-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс барысында олар 20 бағдарлама бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салады. Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен байдарка мен каноэде есуден және академиялық есуден ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласында орналасқан «Olympic center» спорт кешенінде дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда құрамында 1000-ға жуық спортшы қатысуда. Байрақты бәсекеде балуандар М1 жас санатынан бастап М9 санатына дейін сынға түсіп, әр жас деңгейінде 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталады. Айта кетейік, бұл додада Түркістан облысының намысын қорғауға Самат ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ЖӘРДЕМАҚЫҒА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АРЫЛТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚАДАМ ЖАСАЛАДЫ?
Цифрлық отбасы картасында «D» және «E» деген санат бар. Анықтама бойынша «D» санатына – әлеуметтік жағдайы тұрақсыз, табысы төмен немесе еңбекке қабілетті, бірақ жұмысы жоқ азаматтар енеді, ал «E» санатына әлеуметтік жағдайы өте нашар, шұғыл мемлекеттік көмек пен қолдауды ең қажет ететіндер енеді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатыстыру мүмкіндіктерін қарастыра отырып, осы екі санатқа енгендер қатарын ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары