Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлы Оразалиевтің төрағалығымен ауданға инвестиция тарту, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, салалық бөлім басшылары, инвесторлар мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, өңір экономикасының даму барысы мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Возможно, это изображение один или несколько человек

Отырыста айтылғандай, 2026 жылы Сайрам ауданында жалпы саны 32 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалардың жалпы құны 161,2 млрд теңгені құрайды. Бұл бастамалар толық жүзеге асқан жағдайда 2 408 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға, сонымен қатар жергілікті бюджет кірістерін арттыруға мүмкіндік береді. Аудан басшысы инвестиция – экономиканың қозғаушы күші екенін атап өтіп, әрбір жобаның сапалы әрі уақтылы іске асуы маңызды екенін жеткізді.

Инвестициялық штаб отырысы барысында бірқатар ірі әрі стратегиялық маңызы бар жобаларға жеке-жеке тоқталынды. Атап айтқанда, Қарабұлақ ауылдық округінде жүзеге асырылуы жоспарланған KUZOV KARABULAK ЖШС-нің жылына 500 дана ауыр жүк көліктеріне арналған тіркемелер шығаратын зауыт құрылысы талқыланды. Бұл жоба өңірдегі өнеркәсіп саласын дамытуға серпін беріп, жаңа технологияларды енгізуге жол ашпақ.

Возможно, это изображение текст "2026 ЖЫЛЕА Жоба атауы KARABULAK» ЖШС (Карабулак «<Zaman products> ЖШС Жоба куаттылымы шыеаратын каспорынды кенейту ИнВЕсТИЦИЯЛыК Жобанын Сут ен.дер.н ендίру Жумыс куны, дана жылына 5000 бас 70 тонна /таулі.е Kapa мал бордакылаута жылына кора «FATIMA MEAT MAGNATE» шк 500 500 бас 20 АГРО> ЖШС бордакылаута ΘніДЕΙΗ жылына 75 eTtepi, жумыртка багытындаты курылысы ендίру ЖК Расулметов Суннат Бахтиярович Заманауи жол бойынданы кызмет керсету кешенин.н курылысь жумыртка. адам, жук ауыстыратын орын/ май жук (Кайнарбулак a.o.) 30 000 Ш.м. арналган эксклюзивт, тир-парк. жане заманауи 000 койма 000 белме еЛ.к орын, кешен.н.н (Аксу Газаблок дана Алкогольсы сусындар шыгаратын зауыт курылысы 000 кунине 000"

Сондай-ақ Манкент ауылдық округіндегі ZAMAN MILK PRODUCTS ЖШС-нің тәулігіне 70 тонна сүт өнімдерін өндіретін зауыт жобасы да күн тәртібінен түскен жоқ. Аталған кәсіпорын іске қосылған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі артып, жергілікті шаруалар үшін өнім өткізу нарығы кеңейеді. Бұдан бөлек, Арыс ауылдық округіне қарасты BEK-AGRO KZ ШҚ-тың жылына екі мезетте 10 000 бас ірі қара малдың сапалы етін өндіруге бағытталған, 5 000 бас ІҚМ бордақылауға арналған мал қора кешенінің құрылысы да жан-жақты қаралды.

Жиын барысында инвесторлар инфрақұрылым, жер телімдері, инженерлік желілерге қосылу секілді бірқатар мәселелерді көтерді. Аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы бұл мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ инвесторларға әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін, ашық әрі қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру – аудан басшылығының басты мақсаты екенін атап өтті.

Возможно, это изображение текст

Инвестициялық штабтың мұндай отырыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты шешімдер қабылдана бермек.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*