Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ECO NETWORK БАСТАМАСЫМЕН «ЖАСЫЛ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ECO NETWORK БАСТАМАСЫМЕН «ЖАСЫЛ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында «Жасыл мектеп» жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған бұл бастама облыс әкімдігі мен ECO Network жобасының жетекшілері арасындағы алдын ала жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Алғашқы кезеңде жоба Созақ ауданындағы 5 жалпы білім беретін мектепті қамтып, өңірдегі экологиялық ағартудың жаңа бағытына жол ашты.

Нет описания фото.

Осыған орай ауданда жобаны таныстыру мақсатында бірқатар ақпараттық-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда оқушылар мен ұстаздарға қалдықтарды бөлек жинау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және тұрақты даму қағидаттары кеңінен түсіндірілді. Мамандар экология тек табиғатты қорғау ғана емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін атап өтті. Бұл бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыруды көздейді.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ECO Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджановпен арнайы кездескен болатын. Кездесу барысында экологиялық мәдениетті дамыту, саналы тұтыну әдеттерін өзгерту, қалдықтарды сұрыптап жинау және ECO Network бастамасымен «Жасыл мектеп» жобасын Түркістан облысында енгізу мәселелері жан-жақты талқыланған.

Нет описания фото.

Кездесу кезінде Евгений Мұхамеджанов жобаның негізгі мақсаттарына тоқталып, өзге өңірлерде жүзеге асқан табысты тәжірибелермен бөлісті. Оның айтуынша, «Жасыл мектеп» – бұл тек бір реттік акция емес, ұзақ мерзімді экологиялық білім беру платформасы. Жоба аясында оқушылар қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму қағидаттары бойынша жүйелі білім алады. Бұл өз кезегінде балалардың экологияға деген көзқарасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді.

Жоба КАТКО компаниясының демеушілігімен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып отыр. Сонымен қатар бастама Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, ел көлемінде экологиялық сананы арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.

Возможно, это изображение текст

Жоба шеңберінде жиналған қалдықтардың көлемі мен нәтижелері econetwork.green «жасыл» компаниялар порталында тұрақты түрде жарияланып отырады. Алғашқы жылдың қорытындысы бойынша қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі тек мектептерде ғана емес, оқушылардың бастамасымен олардың отбасыларында да қалыптасады деп күтілуде. Балалар жинаған сұрыпталған қалдықтардан арнайы бұйымдар әзірленіп, қатысушыларға сыйлық ретінде табысталады. Атап айтқанда, брелоктар, телефон тұғырлары дайындалады. Ал жобаның басты жүлдесі – қайта өңделген пластиктен жасалған шахмат жиынтығы. Үздік мектеп арнайы комиссияның шешімімен орындалған модульдердің нәтижесі бойынша анықталатын болады.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*