Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ӨНДІРІС ОРНЫ БАСШЫЛЫҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҮН ҚОСТЫ

ӨНДІРІС ОРНЫ БАСШЫЛЫҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҮН ҚОСТЫ

“Тассай” индустриалды аймағындағы «Green Cross ECO» ЖШС басшылығы, қызметкерлер Жаңа Конституция жобасына қолдау көрсетіп, үн қосты. Инсулинді шприц, инелер шығаратын өндіріс орнының атқарушы директоры Гүлия Жүзенова Ата заңның жаңа редакциясында көптеген оң өзгерістер бар екенін, қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Мекемеде 50-ден астам адам жұмыс істейді. Қызметкерлер күндіз-түні, 3 ауысым бойынша еңбек етіп, сағатына 15 мың инсулинді инелер шығарады. Жоба жетекшісі алда кеңейту жұмыстары қолға алынатынын, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауда тиісті іс-шаралар бар екенін айтады. Жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқығын қорғау, ғылымды, инновацияны дамытуға айрықша назар аударылған.
– Жаңа Конституция жобасын қызметкерлерге ұдайы түсіндіру іс-шараларын атқарып келеміз. Маңызды құжатта еңбекті қорғау жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Жасанды интеллект, ғылымның жетістіктері инновация ретінде кәсіпорындарға енгізіліп жатыр. Бұл да біздің алдымызда тұрған негізгі мақсаттардың бірі.
Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ұсынылып отырған өзгерістер әділеттілікті нығайтуға, азаматтардың еңбекақысы, жұмыс сапасы және еңбек қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға бағытталып отыр. Біз бұл өзгерістерді қолдаймыз, – деді Гүлия Бексұлтанқызы.
Ата заңдағы өзгерістердің бәрі халықтың, елдің, қарапайым жұмысшылардың жағдайын дұрыстау, құқығын қорғау үшін жасалған. Медициналық бұйымдар шығаратын өндіріс орны қызметкерлері ендігі ретте бәсекеге қабілетті болып, жаңа технологияларды енгізуге күш салмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*