Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай Индустриалды-техникалық колледж жастары арасында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған кездесу өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Аналар кеңесінің «Көркем әжелер» тобының мүшелері – Атенова Тәттігүл, Мукашева Забира, Еркінбекова Рабиға және Жуманова Сырға қатысты.
Кездесу барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, ұлттық тәрбие, өзара сыйластық пен отбасылық құндылықтар туралы айтылды.
Сонымен қатар, спикерлер жастарды уақытты тиімді пайдалануға, білім мен спортты өмір салтына айналдыруға шақырды.
Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары