Отбасы күніне орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастармен тағылымды кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – отбасының қоғамдағы маңызын түсіндіру, жастар арасында отбасылық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық және отбасындағы жауапкершілік тақырыптары қозғалды.
Кездесуге колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Елтаев Данияр Қуанышбекұлы, Тұран ауданы ардагерлер кеңесі және «Аналар» тобының мүшелері Гүлбараш Бақбаева мен Тоқсұлу Қолдасова қатысып, жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары