Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЕРГІЛІКТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ТҰТЫНАДЫ

Түркістан облысындағы әлеуметтік мекемелер жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение силосная яма

Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен ауыл шаруашылығы саласындағы өнімдерді ішкі нарыққа өткізу мәселелері жөніндегі мәжілісте жан-жақты қаралды. Кездесу барысында өңірлік басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне әлеуметтік мекемелерді отандық өніммен қамтамасыз етуге ерекше басымдық беруге, жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға тапсырма берілді. Әлеуметтік салаға қатысты мекемелерге жеткізілетін тауарлар сапалы және қауіпсіз болуы тиіс.

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтің мәліметінше, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеумен айналысатын 102 жетекші кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ет өңдеу саласында – 33 кәсіпорын (жалпы қуаттылығы 33,3 мың тонна), құс еті өнімдерін өндіруде – 2 кәсіпорын (13 мың тонна), сүт өнімдерін қайта өңдеуде – 35 кәсіпорын (184,6 мың тонна), көкөніс өнімдерін өңдеуде – 12 кәсіпорын (22,4 мың тонна), жеміс өнімдерін өңдеуде – 3 кәсіпорын (1,5 мың тонна), ал нан өндірісімен – 9 кәсіпорын айналысады (132 мың тонна). Бұл кәсіпорындардың өнімдері облыс аумағындағы 1000-ға жуық мектеп, 1438 балабақша, 35 аурухана және 9 әлеуметтік мекемені азық-түлікпен қамтуға жеткілікті.

Нет описания фото.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстары жүйесі арқылы 2026 жылға азық-түлік және тамақтандыруға жоспарланған қаржы көлемі – 35,2 млрд теңге. Оның 70%-дан астамы өңірде өндірілген отандық өнімдермен қамтамасыз етіледі. Қарақұмық пен кейбір дақылдар ғана шетелден әкелінеді. Басқарма конкурс құжаттарына «отандық тауар өндірушілерге басымдық беру» ұстанымын енгізген.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әлеуметтік мекемелердің жергілікті өнімдермен қамтылуын қамтамасыз етудің тек экономикалық пайдасы ғана емес, сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығын дамытуға және өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтті. Алдағы уақытта тауар өндірушілер мен әлеуметтік мекемелер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі күшейту жоспарланып отыр.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*