Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ОҢ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ОҢ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Жұмыс сапары барысында жүзеге асырылып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы жан-жақты қаралып, олардың сапасы мен мерзімінде аяқталуына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Аудан басшысы жауапты сала басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, әрбір нысанның тұрғындар үшін маңыздылығына ерекше тоқталды.

Нет описания фото.

Аралау барысында алдымен Шәуілдір ауылындағы «Селкілдек көпірінде» жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысы тексерілді. Бұл көпір ауыл тұрғындары үшін ғана емес, ауданішілік қатынасты қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымдық нысан саналады. Қайрат Жолдыбайұлы жөндеу жұмыстарының сапасы мен беріктігіне айрықша назар аударып, қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы керектігін ескертті. Сондай-ақ, пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және жұмыс кестесінің сақталуына баса мән беруді тапсырды.

Сонымен қатар аудан әкімі «Шәуілдір–Қоғам» автокөлік жолының бойында жүзеге асырылып жатқан, жалпы ұзындығы 8,2 шақырымды құрайтын жолды жарықтандыру жобасымен танысты. Аталған жоба жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырумен қатар, түнгі уақытта тұрғындардың еркін қатынауына, апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Жауапты мамандардың айтуынша, жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп, белгіленген мерзімде толық аяқталмақ.

Нет описания фото.

Жұмыс сапары барысында Мыңшұқыр ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың жұмысы да назардан тыс қалмады. Аудан басшысы қыс мезгілінде тұрғындардың жылумен үздіксіз қамтылуы – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осы орайда қазандықтың техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап, кез келген ақаудың алдын алу шараларын уақытылы жүргізу қажеттігін қадап айтты.

Нет описания фото.

Нысандарды аралау қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына, мердігер ұйымдарға және тиісті мекемелерге барлық жобаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, мұндай инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып қана қоймай, Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таппақ.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*