Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АГРОТЕХНОЛОГИЯ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҮЗДІК КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

АГРОТЕХНОЛОГИЯ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҮЗДІК КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Eurasia Group AG» компаниясының Бас операциялық директоры және «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының Бас директоры Сергей Глоккені қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Кездесу барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін жаңғырту, ауыл шаруашылығы техникаларын шығару және оларға сервистік қызмет көрсету мәселелері жан-жақты талқыланды.

Возможно, это изображение текст "DAZAQSTAN"

Облыс басшысы инвесторлармен ашық әрі жүйелі әріптестік орнату өңір дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы – Түркістан облысы экономикасының басты драйвері. Қазіргі таңда өңірде 28 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар, алайда олардың шамамен 40 пайызы моральдық және физикалық тұрғыда ескірген. Осыған байланысты техниканы жаңарту, құрастыру және сервистік инфрақұрылымды дамыту аса өзекті.

– Біз бұған дейінгі келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалаймыз және серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге дайынбыз. Түркістан облысының климаттық ерекшелігі ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. 2025 жылы өңірде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4,532 млн тоннаға жетіп, тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Облыста индустриялық аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағы секілді инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар алаңдар жеткілікті. Мұнда салықтық жеңілдіктер қарастырылған, сонымен қатар мемлекет есебінен салынған шағын өнеркәсіптік ғимараттар инвесторларға жалға ұсынылады. Біз жаңа жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз. Сондай-ақ қажетті мамандарды даярлау үшін өңірдегі колледждердің әлеуетін пайдалануға мүмкіндік бар, – деді Нұралхан Көшеров.

Возможно, это изображение комбайн

Кездесу барысында «Eurasia Group AG» өкілдері Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы техникаларына жүргізілген талдау нәтижелерін ұсынып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Компания агротехника өндіру, сервистік қызмет көрсету және цифрлық агрошешімдерді енгізу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Бұл бастамалар фермерлердің өндірістік шығындарын азайтып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Eurasia Group Kazakhstan» – агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары нарығында 2002 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан отандық компания. Бүгінде компанияда 500-ге жуық қызметкер еңбек етеді. Ол ауыл шаруашылығы техникасын және бірегей қосалқы бөлшектерді көтерме жеткізумен қатар, сервистік сүйемелдеу, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, агроменеджмент, операторларды оқыту және егіншілік саласындағы цифрлық шешімдерді ұсынады. Компанияның Қазақстан аумағында 14 өңірлік өкілдігі бар.

Возможно, это изображение текст

Кездесу қорытындысында тараптар агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту өңір экономикасын әртараптандыруға, фермерлердің техникалық жарақтануын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң әсер ететініне сенім білдірді.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*