Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӨҢІРДЕ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ӨҢІРДЕ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ НАҚТЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Мемлекет басшысының су ресурстарын тиімді пайдалану және су үнемдеу технологияларын жедел енгізу жөніндегі тапсырмалары Түркістан облысында жүйелі түрде іске асырылып келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Суармалы жерлердің өнімділігін арттыру, су шығынын азайту және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту бағытында өңірде ауқымды әрі нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Нет описания фото.

Түркістан облысының агроөнеркәсіптік кешені республикада стратегиялық маңызы бар өңірлердің бірі саналады. Бүгінде елімізде өндірілетін жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 13 пайызы осы облысқа тиесілі. Жыл сайын өңірде 1 трлн теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Сонымен қатар Түркістан – суармалы егіншілік кеңінен дамыған аймақ. Қазақстандағы барлық суармалы жердің төрттен бірі, яғни 575 мың гектар жер осы облыстың үлесінде. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану мұнда тек салалық емес, ұлттық деңгейдегі маңызды мәселе болып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездету қажет» деген тапсырмасы өңірде нақты іске айналды. 2025 жылға су үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланған болатын. Алайда нақты көрсеткіш бұл межеден асып түсіп, 59 мың гектар алқапта жаңа технологиялар қолданылды. Оның ішінде 53,7 мың гектарға тамшылатып суару, 6,2 мың гектарға жаңбырлатып суару жүйелері енгізіліп, жоспар екі еседен астам орындалды.

Қазіргі таңда облыс көлемінде 114 мың гектар егіс алқабында су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Соның нәтижесінде 195 млн текше метр су үнемделді. Ал алдағы жылдары жыл сайын қосымша 50 мың гектарға заманауи технология енгізу арқылы 2030 жылға қарай 364 мың гектар жерден 622,8 млн текше метр су үнемдеу көзделіп отыр. Бұл – су тапшылығы күшейіп отырған кезеңде аса маңызды стратегиялық көрсеткіш.

Возможно, это изображение комбайн

Су үнемдеу технологияларын қолжетімді ету және ішкі өндірісті дамыту мақсатында Түркістан облысында қуаттылығы 163 мың гектарды қамтитын 4 кәсіпорын іске қосылды. Бұдан бөлек, биыл 30 мың гектарға арналған тағы 2 кәсіпорынды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл бастама тек облыстың ғана емес, көршілес өңірлердің де қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ерекше назар аударарлық бағыттың бірі – ылғал сүйгіш дақылдарды жаңа технологиямен өсіру. 2025 жылы мақта дақылын дәстүрлі әдіспен егу көлемі 92,3 мың гектарға қысқарды. Ал жаңа технологиямен егілген мақта алқабы 52,2 мың гектарға артты. Соның нәтижесінде гектарынан 60 центнерге дейін өнім алу мүмкіндігі дәлелденіп, су шығыны 89,3 млн текше метрге азайды.

Биыл мақта дақылын жаңа технологиямен 79,6 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сонымен қатар елімізде алғаш рет күріш дақылы тамшылатып суару әдісімен пилоттық негізде егілді. Егер дәстүрлі әдіспен гектарына 26 мың текше метр су жұмсалса, жаңа технология арқылы бұл көрсеткіш 15 мың текше метрге дейін төмендеді.

Возможно, это изображение трава

Трансшекаралық өзендерге тәуелді оңтүстік өңірлер үшін су үнемдеу технологияларын енгізу – аса маңызды бағыт. Осыған байланысты жыл сайын 50 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспары бекітілген. Бұл бастамалар аграрлық саланы дамытуға ғана емес, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық қадам ретінде бағаланады. Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмалары нақты іске асып, су үнемдеу саясаты жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асуда.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*