Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласының Жер қатынастары басқармасының басшысы – Исламов Азат Рахымбердіұлы төмендегідей мәлімдеме жасады
Шымкент қаласында жер қатынастары саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қалалық жер қатынастары басқармасында бекітілген штаттық құрылымға сәйкес 28 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Басқарма жобалық кеңседе бекітілген екі негізгі индикатор – бюджет пен I-komek жүйесі бойынша жұмыстарды жоспарға сай орындап келеді.
Қаланың жер қоры бойынша жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, Шымкент қаласының жалпы аумағы 116 280 гектарды құрайды. Бұл аумақ бес ауданға бөлінген. Абай ауданының аумағы – 24 мың гектар, Әл-Фараби ауданы – 13 700 гектар, Қаратау ауданы – 19 500 гектар, Еңбекші ауданы – 22 800 гектар және Тұран ауданы – 36 280 гектар.
Қала аумағы функционалдық бағыттарына қарай төрт негізгі аймаққа бөлінеді. Тұрғын үй аймағының көлемі 11 256 гектарды құрайды. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан аумақ 747 гектар болса, жеке тұрғын үйлер аумағы 10 509 гектарды қамтиды. Әлеуметтік нысандар орналасқан аймақтың көлемі 1 448 гектар. Коммерциялық аймақтың жалпы көлемі 17 963 гектарды құрайды. Мұнда өндірістік объектілер 3 133 гектар аумақты қамтыса, сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету нысандары 14 830 гектар жерді алып жатыр. Қаланың өзге де аймақтарының жалпы көлемі 85 613 гектарды құрайды.
Жер қатынастары басқармасы тұрғындармен кері байланысты да тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы екі айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардан 1102 кіріс хат тіркелген. Оның ішінде 517-сі арыз-шағымдар болса, 585-і мемлекеттік мекемелердің ресми хаттары. Барлық өтініштер қаралып, 1646 шығыс хат арқылы тиісті жауаптар жолданған.
Басқарма тарапынан жалпы 11 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Есепті кезеңде қала тұрғындары мен ұйымдарынан 4944 өтінім түсіп, барлығы тиісті тәртіппен қаралған. Оның ішінде жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша 2762 қызмет көрсетілген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты 645 шешім қабылданған. Жер учаскесін жеке меншікке сату бойынша 259 өтінім қаралған. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту бойынша 327 қызмет көрсетілген. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау бойынша 123 өтінім қаралып, шешім шығарылған. Сонымен қатар республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық алу бойынша 806 қызмет көрсетілген. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру бойынша 17 қызмет көрсетілген. Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру бойынша 5 қызмет көрсетілген.
Қала әкімдігі тарапынан жер қатынастарына байланысты маңызды шешімдер қабылдануда. Есепті кезеңде жалпы саны 951 қаулы қабылданған. Оның ішінде 120 қаулы мемлекеттік мекемелерге жер учаскелерін табыстауға қатысты болса, 85 қаулы кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелеріне байланысты қабылданған. Сонымен қатар 101 қаулы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер мәселелерін реттеуге бағытталған. Кәсіпкерлік мақсаттағы нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 151 қаулы қабылданса, жеке тұрғын үй құрылысына қатысты 494 шешім шығарылған.
Тұрғындардың өтініштері «I-komek» бірыңғай байланыс орталығы арқылы да қаралуда. Екі ай ішінде осы жүйе арқылы басқармаға қатысты 31 арыз-шағым түсіп, барлығына тиісті жауап берілген. Бұл көрсеткіштер қаладағы жер қатынастары саласында халықпен ашық әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*