Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «ХИКВИЖН ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН «ХИКВИЖН ҚАЗАҚСТАН» КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Hikvision Kazakhstan» компаниясының өкілдерін қабылдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Кездесу барысында облыс басшысы өңірде ІТ және цифрландыру саласын дамытуға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті. Нұралхан Көшеров 2026 жылы Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын еске салып, өңірде осы бағытта білім беру мен технологиялық жобаларды іске асыруға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Біз сіздердің компанияларыңызды тек технологиялық алпауыт ретінде ғана емес, сонымен қатар инновациялық экожүйені қалыптастырудағы сенімді серіктес ретінде қараймыз. Жаңа оқу орталығы жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді және біздің әлеуметтік-экономикалық саясатымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Тәжірибелеріңіз бен облысымыздың ресурстарын біріктіріп, цифрландыру саласында айтарлықтай жетістіктерге жетеміз деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Кездесуге қатысқан «Hikvision» жобалық бағытының директоры Ақан Құлжан компанияның негізгі қызмет бағыттарын таныстырып, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті базасында оқу орталығын құру жоспарларын баяндады. Жоба аясында студенттер заманауи бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелерімен танысып, тәжірибелік дағдылар алады. Сонымен қатар, оқу бағдарламасы үздік студенттерді компанияның серіктес ұйымдарына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

Келіссөздер нәтижесінде Түркістан облысы әкімдігі мен «Хиквижн Қазақстан» компаниясы бірлескен жобаны жүзеге асыруға меморандумға қол қойды. Бұл қадам өңірдің ІТ-инфрақұрылымын нығайтуға, жастарды кәсіби дағдылармен қамтамасыз етуге және цифрландыру саласында инновациялық жобаларды дамытуға серпін береді.

Возможно, это изображение текст

Айта кетейік, Hangzhou Hikvision Digital Technology Co., Ltd. – әлемдік деңгейдегі қытайлық технологиялық компания. Hikvision бейнебақылау және қауіпсіздік жүйелері саласындағы жабдықтар мен кешенді шешімдерді 155-тен астам елге жеткізеді. Компанияның 2 400-ден астам серіктесі бар. Сонымен қатар, Hikvision ақылды үй, интеллектуалды бейнеталдау, бет-әлпетті тану, деректерді сақтау, көлік ағындарын автоматтандырылған басқару сияқты «ақылды қала» жобаларына арналған шешімдерді дамытады.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*