Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Арман Қарсыбаев қытайлық инвесторларды қабылдап, маңызды инвестициялық жоба бойынша кездесу өткізді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі.

Возможно, это изображение учеба и текст

Кездесу барысында инвесторлар тамшылатып суаруға арналған құрал-жабдықтар шығаратын зауыт салу жобасын таныстырды. Бұл бастама ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізуге және су ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған. Аудан әкімінің орынбасары Б. Туребеков пен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө. Рүстемов қатысқан жиында жобаны іске асыруға қажетті жер телімін бөлу, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және ұйымдастырушылық мәселелер жан-жақты талқыланды.

Аудан әкімі тиісті сала мамандарына жүйелі әрі жедел жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері, салықтық және қаржылық жеңілдіктер, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу мәселелері толық түсіндірілді. Жергілікті атқарушы орган жобаны қысқа мерзімде іске асыруға бағытталған барлық шараларға – құжаттандыру, жер телімін бөлу, инфрақұрылымға қосу – толық қолдау көрсететіні айтылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "0699h ก ንዮ PEACEBIRD"

Инвесторлар ауданның өндірістік әлеуетін жоғары бағалап, ұсынылған инфрақұрылым мен мемлекеттік қолдау жобаны жүзеге асыруға қолайлы екенін атап өтті. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта нақты инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңір экономикасын әртараптандыру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Возможно, это изображение учеба, стол и текст

Жобаның іске асырылуы нәтижесінде ауданның агроөнеркәсіп саласы дамып, су ресурстары тиімді пайдаланылады. Сонымен қатар жаңа өндіріс орнындағы жұмыс орындары жергілікті тұрғындарға әлеуметтік тұрақтылық сыйлап, өңірдің инвестициялық ахуалы мен экономикалық әлеуетін арттыруға маңызды серпін береді. Бұл бастама – ауданның тұрақты дамуы мен ауыл шаруашылығын инновациялық деңгейде дамытуға бағытталған нақты қадам.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*