Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҮГЕРІ ЗАУЫТЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖҮГЕРІ ЗАУЫТЫН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ МӘСЕЛЕСІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Күн санап дамып келе жатқан ауданымызда аудан әкімдігінің сүйемелдеуімен кәсіпкерлік саласы мемлекеттік қолдаулар мен инвесторлар есебінен серпін алуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Соңғы жылдары өңірде өндіріс орындарын ашу, тоқтап тұрған кәсіпорындарды қайта іске қосу арқылы экономиканы әртараптандыруға басымдық беріліп келеді. Бұл – жаңа жұмыс орындарын құрумен қатар, ауданның өндірістік әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі саясаттың нәтижесі.

Возможно, это изображение пуховик

Көп жылдан бері жұмысын тоқтатқан кәсіпорындарды қайта жандандыру мәселесі де назардан тыс қалмай отыр. Бір кездері аудан экономикасының тірегіне айналған, елге пайдасын тигізген өндіріс ошақтарына қайта жан бітіру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта кезінде дүркіреген зауыттарға жаңа тыныс беру, олардың мүмкіндігін қайта зерделеу жұмыстары кезең-кезеңімен қолға алынуда.

Осы орайда аудан әкімі Асқар Естібаев кезінде ауданның басты кәсіпорындарының бірі саналған, халық арасында «Кукурузный» зауыты деген атпен белгілі өндіріс орнын қайта жаңғырту мәселесін жауапты мамандармен бірге жан-жақты зерделеді. Аудан басшысы зауыт аумағын толық аралап, нысанның қазіргі техникалық жай-күйімен, инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен танысты.

Возможно, это изображение склад лесоматериалов

Аталған кәсіпорын кеңес заманында жүгері өнімдерін өндірумен айналысып, өңірдің ауыл шаруашылығы саласына елеулі үлес қосқан. 2002 жылы зауыт қайта құрылымдаудан өтіп, өндірістік құрылғылары бидай өңдеуге толықтай бейімделген. Осылайша, шамамен 13 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, 2013 жылдары түрлі экономикалық себептерге байланысты қызметін тоқтатқан.

Бүгінде зауыттың 8 гектарға жуық аумағында 5 қабатты диірмен ғимараты, кең қоймалары, жұмысшыларға арналған жатақханасы, салмақ өлшейтін пункті, әкімшілік ғимараттары және арнайы теміржол желісі сақталған. Бұл нысандар өндірісті қайта іске қосуға әлеуеттің бар екенін көрсетеді. Кезінде кәсіпорын жылына 40 мың тоннаға жуық 1–2 сұрыпты ұн өндіріп, 140-қа жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтыған.

Нет описания фото.

Аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы зауыттың мүмкіндігін тиімді пайдалану арқылы оны қайта іске қосу жолдарын жан-жақты пысықтауды тапсырды. Салалық бөлімдерге инвестор тарту, техникалық аудит жүргізу, өндіріс бағытын қайта анықтау бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Егер жоба сәтті жүзеге асса, бұл бастама аудан экономикасына серпін беріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға, өндіріс көлемін арттыруға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал етпек.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*