Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҮШ БІРДЕЙ ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Жаңа жыл Мақтаарал ауданы үшін жағымды жаңалықтармен басталып жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аудан аумағында бір күнде үш бірдей фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) пайдалануға беріліп, шалғай ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігі айтарлықтай артты. Бұл – ауыл халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған нақты әрі маңызды қадамдардың бірі.

Нет описания фото.

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер, Ырысты және Қарақыр ауылдарында бой көтерген жаңа медициналық нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтады. Салтанатты жиын барысында аудан басшысы ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің маңыздылығына тоқталып, денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа ФАП-тар ауыл халқының өмір сапасын арттырып, ана мен бала денсаулығын қорғауға зор үлес қосады.

Жаңа медициналық пункттер мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ/ГЧП) тетігі арқылы салынған. Құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай әрі сапалы жүзеге асырған мердігер – «QAZ Goodwill» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания нысандарды толықтай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, пайдалануға берді.

Возможно, это изображение больница

ФАП ғимараттары модульді үлгіде салынып, алғашқы медициналық көмек көрсетуге толық бейімделген. Мұнда тұрғындар профилактикалық тексеруден өтіп, күнделікті медициналық қызметтерді ала алады. Сонымен қатар жүкті әйелдер мен жас балалардың денсаулығын тұрақты бақылауға барлық жағдай жасалған. Бұл ауыл тұрғындары үшін аудан орталығына немесе қалаға сабылмай-ақ, өз елді мекенінде сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.

Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалдары мен тұрғындар аталмыш әлеуметтік маңызы бар жобаның жүзеге асуына атсалысқан облыс және аудан басшылығына, сондай-ақ «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігеріне шынайы алғыстарын білдірді. Олар жаңа медициналық нысандардың ауыл өміріне серпін беретінін атап өтті.

Возможно, это изображение ‎текст "‎2 מחויך‎"‎

Айта кетейік, соңғы жылдары Мақтаарал ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соңғы екі жылда аудан аумағында 10-ға жуық фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік дамуына да оң әсерін тигізіп отыр.

© Jetpisbai.kz

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*