Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ!

Шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың тұрақты бақылауында, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі. Аудан көлемінде халықты таза ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, жыл сайын нақты нәтижелерге қол жеткізіліп келеді. Әсіресе, инфрақұрылымы әлсіз, бұрыннан бері ауыз су тапшылығын сезініп келген елді мекендерге ерекше назар аударылуда.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекенінде болып, ауыз су жүйесінің құрылыс барысымен танысты. Нысанды аралау барысында аудан басшысы мердігер мекеме өкілдерімен және жауапты сала мамандарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімін нақтылады. Әкім құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден кешікпеуі керектігін қатаң ескертіп, әрбір атқарылған істің сапасы халық игілігі үшін қызмет етуі тиіс екенін атап өтті.

– Бүгінде елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Ауыз сумен қамту – басты мақсатымыз. Бұл – халықтың денсаулығы мен тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды әлеуметтік мәселе. Сондықтан әрбір нысанда атқарылатын жұмыстардың сапасына ерекше мән берілуі тиіс, – деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Нет описания фото.

Айта кетейік, Ақжар ауылдық округінің Ақжар елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруға жауапты мердігер мекеме – «САҚ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС. Ал жобаның тапсырыс берушісі – Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында су қоймасын қоршау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар диаметрі 110 мм және 160 мм ауыз су құбырларын тарту, су құдықшаларын орнату жұмыстары қарқынды атқарылып жатыр.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталған. Жоба толық аяқталған жағдайда Ақжар елді мекеніндегі 7 мыңға жуық тұрғын таза әрі сапалы ауыз сумен қамтылмақ. Бұл – ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, санитарлық жағдайды оңалтуға, түрлі аурулардың алдын алуға да зор мүмкіндік береді.

Нет описания фото.

Жалпы, Сарыағаш ауданында соңғы жылдары ауыз сумен қамту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Аудан басшылығы бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, әрбір елді мекен кезең-кезеңімен таза ауыз суға қол жеткізетінін атап өтті.

© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*