Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау алаңында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға салалық басқарма басшылары қатысып, тұрғындардың өтініштері жан-жақты қаралды.
Қабылдау барысында маңызды мәселелер көтерілді. Мәселен, Сауран ауданындағы А.Югнаки атындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қозғалды. Аталған нысан «Мектептерді жаңғырту бағдарламасына» енгізіліп, кезең-кезеңімен іске асырылады. Одан бөлек, Бабайқорған ауылдық округі, Игілік елді мекеніндегі «Месата» әулиесіне баратын жолдың жағдайы да назарға алынды. Өтініш иесіне жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталғаны туралы ақпарат берілді. Отырар ауданында Шәуілдір – Көксарай – Байырқұм бағытындағы автомобиль жолын жөндеу, ауылдық елді мекендерге спорт нысандарын салу және мазарат аумағын қоршау мәселелері көтерілді. Бірқатар жоба бойынша құрылыс жұмыстары басталған. Ал қалған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар Шәуілдір ауылының айналма жолын салу жобасы қаралып, қазіргі таңда сараптамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қанат Қайыпбек әрбір өтініш назардан тыс қалмайтынын жеткізіп, шешу жолдары заң аясында қарастырылатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға нақыты тапсырмалар беріп, орындалу барысын бақылауына алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары