Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » Түркістандық тәжірибелі Ольга Шмелёва Олимпиадаға рейтингтік Азия чемпионатында алтын, күміс медаль жеңіп алды

Түркістандық тәжірибелі Ольга Шмелёва Олимпиадаға рейтингтік Азия чемпионатында алтын, күміс медаль жеңіп алды

Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 5 медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Байдаркамен 200 метрге жарыста отандасымыз Ольга Шмелёва жеңімпаз атанды. Осыдан кейін Татьяна Токарницкая екеуі (Қазақстан құрамасы) 500 метрге жарыста күміс жүлдеге ие болды.

«Былтыр кеткен есемді қайтардым. Бір жыл бұрын осы қашықтықта үшінші болғам. Бүгін сол қарсыласымды басып озып, бірінші орыннан көріндім. Осы аралықта жаттығуға барымды салдым. Жемісі міне!»,-деді Ольга мәреге жеткен соң.

Бұл Шмелёваның Хэфэйдегі қол жеткізген 3-жүлдесі (1 алтын, 2 күміс).

Осыдан кейін әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктор Степанов каноэде 200 метрде үздік үштікке кірді.

Тағы 500 метрге жарыста екі бағдарламада Қазақстан командасы мәреге 3-ші болып жетті. Каноэде Сергей Емельянов пен Әлішер Хаётов, ал байдаркада Бекарыс Раматулла мен Дмитрий Холмогоров ел намысын қорғады.

Қазір 2 жарыс күнінен соң Қазақстан командасы еншісінде 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар. Ертең соңғы жүлделер сарапқа салынады. Әзірге жарыс қожайыны Қытай құрамасы айқын басымдықпен жалпы есепте көш бастап келеді.

Ольга Шмелёванің бұл жетістігі Қазақстан құрамасының халықаралық аренадағы беделін арттыра түсті. Әсіресе Олимпиадаға рейтингтік ұпай беретін додада жоғары нәтиже көрсету – спортшының шеберлігі мен тәжірибесінің айқын дәлелі. Оның жарыс барысында көрсеткен жылдамдығы мен тактикалық дайындығы қарсыластарынан оқ бойы озық болғанын көрсетті.

Сонымен қатар командалық жарыстарда да қазақстандық спортшылар үйлесімді ойын өрнегін көрсете білді. Татьяна Токарницкаямен жұптасып күміс жүлдеге қол жеткізу – командалық рух пен өзара түсіністіктің нәтижесі. Бұл көрсеткіш алдағы ірі жарыстар алдында ұлттық құраманың әлеуеті жоғары екенін аңғартады.

Жалпы, Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан бұл чемпионат қазақстандық ескек есушілер үшін маңызды кезеңдердің бірі саналады. Себебі мұнда жиналған ұпайлар алдағы Жазғы Олимпиада ойындары жолдамаларына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір жүлде ел қоржыны үшін ғана емес, болашақ Олимпиада мүмкіндігі үшін де аса маңызды.

Алдағы жарыс күндерінде де қазақстандық спортшылар жүлделі орындар үшін бар күшін салатыны анық. Қазіргі нәтижелер ұлттық құраманың дайындығы жоғары деңгейде екенін көрсетіп, жанкүйерлерге үлкен үміт сыйлап отыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*