Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Спорт » Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Шымкенттегі жеңілатлетикалық манеж спорт кешенінде дзюдодан дәстүрлі республикалық турнир басталды. 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өтетін Д.Қонаев атындағы республикалық ашық турнирге еліміздің барлық өңірлері мен Қырғызстаннан, жалпы 700-ден астам спортшы жиналды. Сайыс 15 жасқа дейінгі жас дзюдошылардың спорттық шеберлігін саралайтын маңызды бәсекеге айналмақ. Жүлделі орындарға ие болған спортшылар спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің фавориттерін алдын ала анықтау өте қиын. Себебі айқын көшбасшылар жоқ, әр спортшы өз мүмкіндігін барынша жоғары деңгейде көрсетуге ұмтылуда.
– Шымкенттік дзюдошылар бұл турнирге жақсы дайындықпен келді. Олар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, елдегі ең мықты командаларға лайықты бәсекелестік бола алады. Бізде дзюдодан жеңісті дәстүр қалыптасқан, – деді Шымкент қаласының дзюдо федерациясының вице-президенті Алтынбек Абаев.
Айта кетейік, Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында отандастарымыз өздерінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Аралас командалар арасындағы бәсекеде ұлттық құрама өкілдері жеңімпаз атанып, финалда Бразилия құрамасын ұтты.
Сонымен қатар, жеке жарыстарда отандастарымыз жалпы 10 медаль иеленді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*