“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аудан көлемінде бұрын-соңды болмаған ауқымды сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, даңқты спортшылар, ауданға қарасты «Қазтелеком», «Қазпошта», аурухана, ГЭС, СЭС, РЭС, ПЭС, «ҚазТрансГаз», «Халық банк» ұжымдары және 10 ауыл округінен жалпы саны 6000-нан астам тұрғын белсене қатысты. Сенбілік барысында 1000 түп көшет егіліп, облыстық маңызы бар 147 шақырым тас жол бойы, қала ...
Читать далее »Ежедневные архивы: 26.04.2026
ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» іс-шаралар жоспарына сәйкес Түркістан қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, қала аумағын көркейту жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар сенбілікке қала тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, ақсақалдар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, мәслихат депутаттары және түрлі сала мамандары қатысты. Тазалық шарасына 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сенбілік жұмыстары қала кіреберісі ...
Читать далее »ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 1 000 ТҮП АҒАШ ЕГІЛІП, АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІККЕ 10000 АДАМ ҚАТЫСТЫ
Қазығұрт ауданында халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталмыш экологиялық іс-шараға аудан тұрғындары белсенді қатысып, жалпы саны 10 000 адам жұмылдырылды. Акция барысында Қазығұрт ауыл округіндегі «Орталық саябақта» және Сарапхана ауыл округіндегі «Мәңгілік Ел» саябағында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоғары ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының алғашқы түлектеріне арналған салтанатты куәлік табыстау рәсімі өтті. Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, түлектерге жылы лебізін білдірді. Салтанатты жиында Бас мүфти сөз сөйлеп, имамдардың білімін жетілдіру – қоғамдағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы екенін атап ...
Читать далее »Түркістандық тәжірибелі Ольга Шмелёва Олимпиадаға рейтингтік Азия чемпионатында алтын, күміс медаль жеңіп алды
Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы 5 медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Байдаркамен 200 метрге жарыста отандасымыз Ольга Шмелёва жеңімпаз атанды. Осыдан кейін Татьяна Токарницкая екеуі (Қазақстан құрамасы) 500 метрге жарыста күміс жүлдеге ие болды. «Былтыр кеткен есемді қайтардым. ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХТА ЕСІМІ ҚАЛҒАН АНАЛАР ДӘРІПТЕЛДІ
Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық әкімдіктің және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау лебізін білдірді. Шараның басты мақсаты – қазақ тарихында ерекше орын алған ...
Читать далее »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА 1000 ТҮП АҒАШ ЕГІЛІП, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында көктемгі көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Аталған шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес іске асырылуда. Іс-шара барысында республикалық маңызы бар А-15 автожолы бойындағы, болашақта жасыл желек саябаққа айналдыру жоспарланған 4 гектар аумаққа 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл игі бастамаға аудан әкімі Арман Абдуллаев, әкімдік қызметкерлері, жастар мен ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК: «ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Созақ ауданы көлемінде Таза Қазақстан жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы өтіп, ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастамаға барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Көркейту-көгалдандыру жұмыстарын аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тікелей бақылауына алып, аудан орталығындағы ішкі көшелер мен саябақтарды аралады. Аумақтарды абаттандыру, жасыл желекті көбейту бағытындағы жұмыстардың ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «TAZA QAZAQSTAN» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БІР КҮНДЕ 20 МЫҢ АҒАШ ЕГІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Түркістан облысында экологиялық акция ұйымдастырылды. Аталған шара Түлкібас ауданындағы «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдығына орай қорық аумағында өтіп, «Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Президентімен телекөпір байланысы орнатылды. Табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында өткен акцияға қатысушылар арнайы орнатылған LED экран алдына жиналып, телекөпір арқылы Мемлекет басшысымен тікелей ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: АРЫСТА «ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ» ҰРАНЫМЕН ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Арыс қаласының Стадион тұрғын ауданындағы қыр беткейінде «Жасыл болашақ» ұранымен жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Игі шараға қала әкімі Қайсар Маңқараевтың бастауымен ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, теміржолшылар, депутаттар, түрлі мекеме ұжымдары, ерікті жастар және қала тұрғындары белсенді қатысты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тазалық шарасында көпшілік Стадион аумағындағы бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтарды ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары