Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Авторские архивы: Гульмира (страница 127)

Авторские архивы: Гульмира

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ — ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫНА

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар комитетінің төрағалары «Шығармашылық интеллигенция — Қазақстан балаларына» тақырыбында балалар газет-журналдарының өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Түркістанда және Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда. Кездесудің мақсаты – қазақстандық балалар журналдары мен газеттері ...

Читать далее »

AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау мақсатында AMANAT партиясының «Таза бейсенбі» тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Экоакцияға мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, Жастар рухы белсенділері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары қатысып, тазалыққа үлес қосты. Алғашқы іс-шарада көпшілік Тұран ауданы, Құрсай елді мекені (А2 жолының бойы) аумағын қоқыстан тазартты. «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің барлық аймағында, аудан орталықтардында, елді мекендерде өтуде. AMANAT партиясы Шымкент ...

Читать далее »

БАЛАЛАР АРАСЫНДА АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

“Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М. Ембергенова қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қатысты. Орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққан науқастарға стационарлық көмек көрсетуге бағытталған медициналық орталық №2 қалалық аурухана базасында іске қосылды. Осыған дейін пациенттер тиісті қызметтерді алу үшін еліміздің өзге аймақтарына, қаладағы медициналық ұйымдарға барып, уақыт оздырып келген болатын. Енді бас-ми жарақаты бар, түрлі ауыр дертке шалдыққан нейрохирургиялық көмекті қажет ететін науқастар осында тәулік бойы жедел түрде қабылданады. Қазір мұнда оқу орталығы ашылып, резиденттер, ...

Читать далее »

ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ

Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс орталығында туристік полицейлер жұмыс жасауда. Бұл құрылымда 25 полицей қызмет атқарады. Аталған қызметкерлер арнайы нысанды киім, қажетті техника, құрал-жабдықтармен жабдықталған. Кесене маңындағы тәртіп сақшылары сағат 08:00 мен 24:00-ге дейін екі ауысыммен жұмыс жасайды. Олар Қ.А.Яссауи мавзолейімен қатар, Керуен сарай кешені, Президент саябағы аумақтарын бақылайды. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын ...

Читать далее »

Полиция жол апатын жасап, қашпақ болған мас жүргізушіні бейнебақылау камерасы арқылы 2 минутта тоқтатты

Түркістан облысы полиция департаменті Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы көмегімен жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасаламақ болған жүргізуші дер кезінде анықталды. Нақтырақ айтсақ, облыс орталығындағы С.Ерубаев пен Т.Нышанов көшесі қиылысында сағат 20:25 шамасында «Оpel» маркалы көлік «Matiz-ды» соғып, жол-көлік оқиғасы орын алған жерге тоқтамаған. Мұны бейнебақылау камерасын бақылап отырған инспектор байқап қалып, қашып бара жатқан көлікті ұстау бойынша Түркістан ...

Читать далее »

«Айбын» орденінің иегеріне арналған «Батылдық бұрышы» ашылды

Шардара қаласы Қ.Аманжолов мектебінде өскелең ұрпаққа үлгі болатын маңызы зор іс-шара өтті. Нақтырақ айтсақ, 1998 жылы 12 қазанда шақырту бойынша шығып, оқиға орнында оққа ұшып, қаза тапқан Шардара аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ақдәулет Тажмағанбетұлы Сандыбаевқа арналып, «Батылдық бұрышы» ашылды. Онда полицейдің ерліктері, қызмет жолдары сипатталған «Ерлік- елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті» тақырыбында естеліктері қойылды. Сондай-ақ полицейдің ...

Читать далее »

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысындағы аудандық полиция бөлімдерінде 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар ісшаралар ұйымдастырылып өткізілді. Атап айтқанда: Түркістан облысы Полиция департаменті Төлеби аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Ленгір қаласы «Төлеби» саябағында және полиция бөлімінің ғимаратында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Оған аудан әкімі Т.Телғараев қатысып, барша тұрғындарға арнап жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ аудан әкімі қызметте үздік көрсеткіштерге ...

Читать далее »

Шымкенттік кәсіпкерлер субсидия қағидасына өзгеріс енгізуді сұрайды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында өңдеу өнеркәсібі салалық кеңесінің отырысы өтіп, онда жергілікті кәсіпкерлердің өтініші талқыланды. Жиынға Палата және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшылығы, өңірлік кеңес мүшелері, кәсіпкерлер, «Атамекен» ҰКП Департамент жетекшілері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты. «Кәсіпкерлердің субсидияға қол жеткізуі – өте өзекті мәселе. Себебі, қаламыздағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, олардың жұмысына тікелей әсер еткелі отыр. 2023 ...

Читать далее »

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды. Тұрғындар баспана алу, жұмысқа орналасу, жер телімдерін беру және заңдастыру, инфрақұрылым мен жолдардың сапасын жақсартуға қатысты мәселелерін көтерді. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 170 тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдады. Азаматтарды қабылдау мәселелерді шешуге ғана емес, ...

Читать далее »