Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ

ТУРИСТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ

Түркістан қаласына келуші қонақтар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, облыс орталығында туристік полицейлер жұмыс жасауда. Бұл құрылымда 25 полицей қызмет атқарады. Аталған қызметкерлер арнайы нысанды киім, қажетті техника, құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Кесене маңындағы тәртіп сақшылары сағат 08:00 мен 24:00-ге дейін екі ауысыммен жұмыс жасайды. Олар Қ.А.Яссауи мавзолейімен қатар, Керуен сарай кешені, Президент саябағы аумақтарын бақылайды. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алып, көмек қажет болғандарға жәрдем етеді.
Мәселен туристік полицияның қызметіне соңғы бір ай ішінде 500-ден астам азамат жүгінген.
Олар көбінесе бір пунктен екінші пункке қалай жетеміз, қайда аялдап тоқтауға болады, «Көші-қон полициясы қайда» деген сияқты сұрақтармен келген.
Туристік полиция қызметкерлері қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және еліміздің тарихын жетік меңгерген. Қызметте адамдармен тез тіл табыса білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын жас мамандар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*