Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ — ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫНА

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ — ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫНА

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар комитетінің төрағалары «Шығармашылық интеллигенция — Қазақстан балаларына» тақырыбында балалар газет-журналдарының өкілдерімен кездесті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Түркістанда және Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда.
Кездесудің мақсаты – қазақстандық балалар журналдары мен газеттері арқылы оқушылар арасында кітап оқу мен мәдениетті насихаттауды, оқу сауаттылығы мен белсенділігін арттыруды және оқушылардың оқу құзыреттілігін дамытуды іске асыру.
Қазақ тәлім-тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастауды құп көре­тін, құрсақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін дана халық қой. Осы ұлттық кодымызды негізге ала отырып, осыған қоса ғалымдардың кітап оқуға баланы жаратылысынан бастап баулу туралы кеңесін ескеріп, анасы мен әкесіне бала бойға біткеннен бастап күн сайын ұйықтар алдында 10 минут дауыстап кітап оқып беруді ұсынамыз. Бұл үрдісті бала өмірге келгенде де үзбей жалғастыра берген жөн. Осы дағды арқылы кітапқа қызыққан баланы кішкентай, жас немесе әлі ерте деп бетінен қақпай, бір жасынан-ақ кітап ұстатып үйрете берген дұрыс. Өйткені ол сәби шағынан бастап кітапты ұстап көруге, зерттеуге, бой үйретуге, дос болуға тиіс.
Кітаптар баланың жасына сәйкес таңдалуы керек және бә­рін бірден берудің қажеті жоқ. Кейбір ертегілердің бала дамуына ешқандай пайдасы жоқ, себебі шы­ғармада түрлі түсті эпи­тет­тердің болмауы баланы қызықтырмайды, оның ертегілерге деген қы­­зығушылығын жоғал­та­ды. Сондықтан кітапты кездейсоқ таңдауға бол­майды. Кез келген шы­ғарманың тәрбиелік мәні болғаны жөн. Ертегілерді таңдағанда, екі жасқа де­йінгі балаларға көптеген иллюстрациясы бар кітап қажет екеніне назар аудар­ған абзал. Себебі бұл жаста бала оқудың мағынасын тек сурет арқылы түсі­не­ді, оған қоса оның әлі өз тәжірибесі жоқ. 3-4 жас­тан асқан ба­ла­ларға ил­люстрацияларға қарағанда, мәтіні көп болуы керек.

Қандай да бір оқиғаны тыңдай отырып, бала жағдайды елестетеді, қиялы дамиды. Бұл үшін осы жастағы балаларға ересек адам оны мәнерлі, логикалық үзілістермен, әртүрлі дауыс ырғағымен оқыса, онда бала мұндай оқуды ұзақ уақыт есте сақтайды, шығарманың мазмұны оның жадында берік сақталады. Керісінше, егер ересек адам балаға одан тезірек құтылу үшін мәнерлемей, асығыс оқыса, бала оны терең түсінбейді, кітапқа қызықпайды. Ал 5-6 жастағы балаларға кітаптан мазмұны көлемдірек ертегі, әңгіме оқып беріп, оқыған шығарманы 15-20 минут тапжылмай тыңдай білуге, әңгімелеп беруге үйрету қажет. Сондай-ақ оқылған әңгіме, ертегі мазмұнына сай бір оқиға төңірегінде сурет бойынша әңгіме құрап айтуға мүмкіндік жасау керек.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*