Ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққан науқастарға стационарлық көмек көрсетуге бағытталған медициналық орталық №2 қалалық аурухана базасында іске қосылды. Осыған дейін пациенттер тиісті қызметтерді алу үшін еліміздің өзге аймақтарына, қаладағы медициналық ұйымдарға барып, уақыт оздырып келген болатын. Енді бас-ми жарақаты бар, түрлі ауыр дертке шалдыққан нейрохирургиялық көмекті қажет ететін науқастар осында тәулік бойы жедел түрде қабылданады.
Қазір мұнда оқу орталығы ашылып, резиденттер, отандық және шет елдердің нейрохирургтері оқытылуда.
Жаңа орталықты медицина ғылымдарының докторы, еліміздің білікті нейрохирургы Еркін Жұмағұлұлы Медетов басқарады.
Айта кетейік, жыл басынан бері N2 аурухана базасында 150 нейрохирургиялық операция жүзеге асырылды. Күрделі оталар Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Швейцария елдерінен келген науқастарға да жасалған.
Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетуде.
Барлық емханаларда қызмет тіркеу орнынан басталады. Туындаған барлық сұрақтарға толық жауапты сол жерден алуға болады. Сонымен қатар емханаларда қосымша инфобокстар орнатылып, келушілердің өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. 1 қабатта пациенттерді қолдау қызметі, фронт-офис, комплеанс-офицер барлық туындаған сұрақтарға жауап береді. Мәселен, тұрғындар емханаға тіркелу және қандай қызмет түрлері, жұмысқа байланысты учаскені ауыстыруға, тегін дәрі-дәрмектер туралы және т.б. ақпараттарды комплеанс-офицердің нұсқаулығына сүйене отырып ала алады. Әр қабатта фойелерде сенім телефондары ілулі тұр, әр дәрігердің есігінде емхана және сол дәрігердің QR коды арқылы тіркелушілер арыз-шағым, алғыс және т.б. өз пікірлерін қалдыруға мүмкіншіліктері бар. Сондай-ақ ДСБ, ФСМС, Фармкомитет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттерінің сенім телефондары қол жетімді.