Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысындағы аудандық полиция бөлімдерінде 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне орай бірқатар ісшаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Атап айтқанда:
Түркістан облысы Полиция департаменті Төлеби аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Ленгір қаласы «Төлеби» саябағында және полиция бөлімінің ғимаратында Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті.
Оған аудан әкімі Т.Телғараев қатысып, барша тұрғындарға арнап жылы лебізін жеткізді.
Сондай-ақ аудан әкімі қызметте үздік көрсеткіштерге жеткен полиция майоры Д.Тастанов, С.Темірбеков, С.Маженов, С.Асанова және полиция аға лейтенанты О.Түлейтайды алғыс хатымен марапаттады.
Шара соңы мерекелік бағдарламамен жалғасты. Төлеби аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Полиция жол апатын жасап, қашпақ болған мас жүргізушіні бейнебақылау камерасы арқылы 2 минутта тоқтатты
Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы көмегімен жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасаламақ болған жүргізуші дер кезінде анықталды.
Нақтырақ айтсақ, облыс орталығындағы С.Ерубаев пен Т.Нышанов көшесі қиылысында сағат 20:25 шамасында «Оpel» маркалы көлік «Matiz-ды» соғып, жол-көлік оқиғасы орын алған жерге тоқтамаған. Мұны бейнебақылау камерасын бақылап отырған инспектор байқап қалып, қашып бара жатқан көлікті ұстау бойынша Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама береді. Берілген ақпарат негізінде, сол аймаққа жақын полицейлер 2 минут ішінде аталған автокөлікті тоқтатып үлгерді.
Батальон қызметкерлері құқық бұзушы жүргізушіден мән-жайды сұрап, құжаттарын тексеру барысында, оның ішімдік ішіп, масаң халде көлік тізгіндегенін анықтады.
Нәтижесінде ер адамға жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
Айта кетсек, Жедел басқару орталығының инспекторлары Түркістан қаласы бойынша қоғамдық орындарға қойылған бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, зерделеу жұмыстарын үздіксіз атқаруда.
Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рәміздер күні мерекенің мерейін асырды. Яғни түрлі челлендждер ұйымдастырып, ел азаматтарын патриот болуға шақырды. Осы күні Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы бойында мемлекеттік туды алып жүру салтанатты автошеру өткізілді.
Шеру мемлекеттік әнұранмен басталып, «Әл-Фараби» атындағы орталық алаңда ту тапсыру рәсімімен аяқталды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні-бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Себебі әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.
Осы ретте Созақ аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы сапқа тұрып, Әнұран шырқап, баршаңызды Ұлы мерекемен құттықтайды.
Ал «Менің Қазақстаным», әрбір қазақстандықтың жүрегін елжіретіп, бірлік пен татулыққа үндейтін құдіретті шығарма!
Айтулы күнге орай, Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығы Бектөре Сұлтановтың бастауымен жеке құрам салтанатты түрде сапқа тұрып, Мемлекеттік Туды көтеріп, еліміздің Әнұранын орындады.
Іс-шара барысында полиция майоры Б.Сұлтановтың жеке құрамды құттықтап, «тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей, әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын» деген лебізін жеткізді.
Шара соңында ің өнерпаздардың орындауымен патриоттық әндер шырқалып, мерекенің маңыздылығы айтылды.
Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт ауданындық полиция бөлімінің тәртіп сақышылары 4-маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудан көлемінде өткізілген авто шеруді сүйемелдеуге қатысты.
Еліміздің рәміздеріне деген құрметті осындай бағытта көрсеткен Қазығұрт жастары авто шеруге қолдау көрсеткен полицейлерге алғыс білдіреді.
Біз біріксек үлкен күшпіз. Елге құрмет, Отанға құрметіміз арта берсін!
Рәміздер күні құтты болсын!
4-маусым “Мемлекеттік рәміздер күні” мерекесіне орай Арыс аудандық полиция бөлімінің саптық алаңында қыран бейнеленген көк Туымыз көтеріліп, мемлекеттік гимн орындалды.
Біздің Мемлекетіміздің рәміздері 1992 жылдың 4 маусымында ресми түрде қабылданып, биыл 32 жыл толып отыр.
Қазақстанның әрбір азаматы туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Онда қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрі айқын көрініс береді.
Ұрпағына “Туың жығылмасын” деп бата берген қазақ үшін көтерілген байрақ ерлік пен елдіктің, бірліктің белгісі. Алмағайып күн туғанда, ұлы бабалар дабыл қағып, Ту көтерген. Елім деген ерлер, Ту түбіне жиналып, жауға тойтарыс берген. Қуанышта да Көк байрақты көтеріп, мерекенің мерейін үстем еткен.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты да- Отанға деген патриотизм мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін мақтан тұту, жаңа Қазақстанның жасампаз идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, жастардың бойында Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Бүгін — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Ту, Елтаңба және Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
▫️Осыған орай Мақтаарал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері арасында рәміздерге құрмет көрсету рәсімі өтті. Әр азамат өз елінің Елтаңбасының, Туының бейнесін және Әнұранын біліп қана қоймай, олардың маңыздылығы мен мазмұнын білу қажет.
Ол үшін олардың пайда болу тарихы туралы түсінік болу керек. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні – біздің отанымыз үшін маңызды мереке.
Шара саптық байқауға ұласып, тәртіп сақшылары еліміздің мемлекеттік әнұранын жанды дауыста бірге шырқады.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер – көк байрақ, Елтаңба және әнұран. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*