Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының өндіріс ошақтарын ашып, аймақтың әлеуметтік-экономикасының дамуына қарқын беру, сол арқылы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, әл-ауқатын арттыру тапсырмасына сәйкес Түлкібас ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның бірі, Мичурин ауылдық округіндегі «Түлкібас жеміс-жидектері» ауылшаруашылығы өндірістік коперативі биылғы жылы аудан әкімдігінің тікелей қолдауымен 1 млрд. 1 жүз млн. ...
Читать далее »Авторские архивы: Гульмира
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қазығұрт аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тұрбат ауыл округінде оқушыларға арналған оқу дала жиынының ашылу салтанаты өтті. Ауданымыз бойынша 62 мектептің 10-сынып оқушылары осында 5 күн бойы алғашқы әскери дайындықтың қыр-сырын меңгеріп, түрлі спорттық сайыстардан күш сынасатын болады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқушылардың жалпы саны 862 баланы құрайды. Атаулы салтанатты жиынға аудан ...
Читать далее »ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
15 мамыр — халықаралық Отбасы күні. Осыған орай Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауданымыздың тұрғыны қазақ халқының ұлттық өнерін дамытуға үлес қосып жүрген Бейсбековтердің отбасында колледж студенттеріне көрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған отбасы өз шаңырағында қолөнер бұйымдарын жасайды. Және қазақтың ұлттық өнер дәріптейді. Көрме барысында Бейсбековтер отбасының қолөнер бұйымдары жасөспірімдерге ...
Читать далее »ПОЛИЦИЯ СІРІҢКЕ ҚОРАБЫНА ЕСІРТКІ САҚТАҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ
Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жедел уәкілдер ер адамның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан гараждың ішінен 5 сіріңке қорабына оралған хош иісті есірткіні тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес алынған есірткі «марихуана» болып шықты. Күдікті ...
Читать далее »Киберполицейлер шымкенттіктерді интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырды
Шымкент қалалық полиция қызметкерлері адам көп шоғырланатын Арбатқа келушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шара “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілді. Бұл тұрғындардың кибер сауаттылығын арттыруға және оларды ғаламтордағы алдау түрлері туралы хабардар етуге бағытталған. Шара барысында азаматтарға әлеуметтік желілердегі алдаудың құрбаны болмау және онлайн-алаяқтардың негізгі схемалары туралы айтылды. Сонымен қатар, шымкенттіктерді қызықтырған сұрақтарына мардымды жауаптар беріліп, алаяқтардан қорғану жөніндегі жадынамалар таратылды. ...
Читать далее »«ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласы Білім басқармасы мен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық «Құқықтық тәртіп» тақырыбындағы жастар арасында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі-жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу, есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес. ...
Читать далее »Шымкентте полицейлер тұрғындармен кездесу өткізді
Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов Теріскей шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті белсенділер, қариялар, домкомдар қатысқан жиында полиция полковнигі «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, шараның негізгі мақсаттарын түсіндірді. Сондай-ақ, жиын барысында қылмыстар мен заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігі талқыланды. Сонымен қатар, интернет-алаяқтық, есірткіге байланысты қылмыстардың профилактикасы бойынша қабылданып жатқан жұмыстар да атап ...
Читать далее »Адам саудасы және онымен күресу
Адам саудасы — адам құқығын бұзудың ең қатал түрі. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан әлемдегі мыңдаған әйелдер, ерлер мен балалар адам саудасының жан түршігерлік қылмысының құрбаны болып табылады. 30 шілде — Бүкіләлемдік Адам саудасына қарсы күн, ол бізді барлығының құқығын құрметтеуге және қорғауға шақырады. Іс жүзінде әр елде жеке адамның бостандығы құқығы заңды түрде бекітілген, дегенмен, адам саудасы қазіргі қоғамдағы ...
Читать далее »Адам саудасының «табысы»
Қазақстандағы ең басты құндылық – адамның өмірі мен бостандығы екені Конситуцияда жазылған. Адам саудасы адам құқығын бұзудың өрескел түрі. Табыс табу жағынан заңсыз бизнестің ішінде бұл үшінші орында тұр. Заңсыз бизнес арқылы табыс табуды бірінші орында қару-жарақ сату, екінші орында заңсыз есірткі сату және үшінші орынға адам саудасы шыққан. Бұл туралы janabastau.kz агенттігіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі жазады. БҰҰ ...
Читать далее »Сауданың үлкені – адам саудасы болып отыр
Жер бетінде сатылмайтын зат жоқ. Бәрі сатылады. Мүмкін бұл капитализмнің заңдылығы да шығар. Сол сауданың үлкені – адам саудасы. Жаһан мұны траффикиң (trafficking) дейді. Адам саудасы әлемнің ең өзекті проблемасы. Оған адамды пайдалану мақсатында сатып алу, сату, зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту және басқа да мәжбүрлеу фактілері жатады. Бажайлап көрсек, адам саудасы көбіне-көп адам құқтары қорғалмаған, демократия жоқ елдерде өршіп тұрғаны ...
Читать далее »