Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ДАЛА ЖИЫНЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазығұрт аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Тұрбат ауыл округінде оқушыларға арналған оқу дала жиынының ашылу салтанаты өтті. Ауданымыз бойынша 62 мектептің 10-сынып оқушылары осында 5 күн бойы алғашқы әскери дайындықтың қыр-сырын меңгеріп, түрлі спорттық сайыстардан күш сынасатын болады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқушылардың жалпы саны 862 баланы құрайды.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
Атаулы салтанатты жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
— Біз еркін елміз! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Бүгінгі шараның басты мақсаты, барлықтарыңызды болашақта Егемен елімізді қорғауға, әскери борышты өтеуге және адал қызмет етуге шақыру. Алдағы уақытта сіздерді әскер қатарынан көреміз деген үміттемін! – деп аудан әкімі өз сөзін түйіндеді.
Айта кетейік, мұндай оқу дала жаттығулары соңғы 5 жылда елдегі карантиндік және басқа да саяси ахуалдарға байланысты тоқтап қалған болатын. Биылғы жылы қайта қолға алынып отырған шараның маңыздылығы өте жоғары.
Возможно, это изображение 10 человек и текст
Қазіргі уақытта әлемде және көршілес елдерде көптеген әскери қақтығыстар орын алуда. Осы жағдайды ескерсек, еліміздің қарулы күштері толыққанды дайын болуы керек. Ол үшін дайындықты мектеп табалдырығынан, бүгінгідей оқу дала жаттығуларынан бастау ұтымды қадам деп есептейміз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*