Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкентте полицейлер тұрғындармен кездесу өткізді

Шымкентте полицейлер тұрғындармен кездесу өткізді

Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов Теріскей шағынауданының тұрғындарымен кездесті.
Жергілікті белсенділер, қариялар, домкомдар қатысқан жиында полиция полковнигі «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып, шараның негізгі мақсаттарын түсіндірді.
Сондай-ақ, жиын барысында қылмыстар мен заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралардың тиімділігі талқыланды.
Сонымен қатар, интернет-алаяқтық, есірткіге байланысты қылмыстардың профилактикасы бойынша қабылданып жатқан жұмыстар да атап өтілді.
Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.
Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады.
Соңғы кездері қазақстандықтарға өздерін банк қызметкеріміз деп таныстыратын алаяқтар телефон соғуда. Олар сіздің депозитіңізге қауіп төнгенін хабарлайды, ақшаны жедел шешіп алуды немесе депозитті «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынады. Бұл айлаға берілмей, керісінше банкке жедел түрде қоңырау шалыңыз!
Алаяқтардан бір қадам алда болуға және ақшаңызды үнемдеуге көмектесетін тағы бірнеше кеңестер:
— Жеке деректеріңізбен ешкіммен бөліспеңіз! Телефон алаяқтарының, әсіресе несиелерді немесе шоттарды жабу туралы өтініштерінен сақ болыңыз.
— Ақшаны аудармас бұрын алушының мәліметтерін тексеріңіз.
— Ешқашан SMS-те көрсетілген код пен PIN-кодтарды үшінші тұлғаларға, тіпті туыстарыңызға айтпаңыз.
— Құрылғыларыңызға AnyDesk және RustDesk сияқты бағдарламаларды орнатпаңыз. Күдікті жағдайларға тап болсаңыз, банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Азаматтарға қандай да бір құқық бұзушылықтық куәгері немесе құрбаны болған жағдайда, дереу полицияға хабар беру қажеттілігі туралы ескертілді.
Жиналған тұрғындар өзекті мәселелерін жеткізіп, толыққанды жауаптар алды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*