Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2026 (страница 13)

Годовые архивы: 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 794 ЕЛДІ МЕКЕН БАС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен аудан-қалалардың бас жоспарлары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының орындалу барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында өңірдің сәулет және қала құрылысы саласындағы өзекті мәселелер қаралып, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктелді. Облыс аумақтарын кешенді дамыту мақсатында 2023-2024 жылдары «Түркістан облысының аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы» әзірленген. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамада қаралып жатыр. Бүгінде Түркістан облысында 801 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түлкібаста 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Көк Тудың желбірегені» атты салтанатты ту көтеру рәсімі өтті. Елдік пен егемендіктің нышаны саналатын мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған іс-шараға аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, аудан жастары және қоғам белсенділері қатысты. Салтанатты жиын Мемлекеттік Тудың көкке көтерілуімен басталды. Сондай-ақ Елтаңба салтанатпен ортаға шығарылып, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Асқар ...

Читать далее »

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЕРТЕ АНЫҚТАУ МЕН ВАКЦИНАЦИЯ МАҢЫЗДЫ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алдағы жылдары жатыр мойны обырының таралуы мен одан болатын өлім-жітім көрсеткіші артуы мүмкін екенін болжап отыр. Бұл дерттің негізгі себептерінің бірі – адам папилломасы вирусы. Қазақстанда жатыр мойны обыры көбіне 45 пен 54 жас аралығындағы әйелдер арасында анықталады. Күн сайын елде осы аурудың беске жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Мамандардың айтуынша, ауруды ерте кезеңде анықтау арқылы оны ...

Читать далее »

ВАКЦИНА ЖӘНЕ СКРИНИНГ: ӘЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДЫҢ ЕКІ ТІРЕГІ

Адам папилломасы вирусы (АПВ) – әлемде кең таралған инфекциялардың бірі. Мамандардың мәліметінше, 25 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлердің басым бөлігі осы вирусты жұқтырады. АПВ-ның кейбір түрлері жатыр мойны обырының дамуына себеп болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары Турымбетова Айгуль Мелесқызы айтты. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының шамамен ...

Читать далее »

АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА – ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бүгінде әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылып келеді. Алғаш рет 2006 жылы АҚШ пен Австралияда енгізілген вакцина қазіргі таңда жатыр мойны обыры мен АПВ-мен байланысты өзге де аурулардың алдын алудың тиімді құралы ретінде танылған. Халықаралық зерттеулердің нәтижелері вакцинаның қауіпсіздігін дәлелдеп отыр. Дания, Канада және АҚШ-та 200 мыңнан астам жас әйелдің қатысуымен жүргізілген ғылыми зерттеулер АПВ ...

Читать далее »

АҒАЙЫНДАУ БОЛМАСА, ТАҒАЙЫНДАУ БОЛМАЙ МА?

Педагогикалық тәжірибесі мол, іскер маман Гүлнұр Сүлейменова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «eQyzmet» арқылы «бөлім басшысы (Р-4) Түркістан облысының білім басқармасының «Ордабасы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (1014164.5119276961) мемлекеттік лауазымына орналасуға өткізілген конкурсында жеңіске жеткеніне келесі дүйсенбіде тура бір ай толады. Túrkistan oblysynyń Білім Басқармасының жеңімпазды лауазымды орынға тағайындау туралы бұйрығы әлі жоқ! Неге? Бұл созбалаңда қандай гәп жатыр? Бұл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ ТУТАЛАҚАЙ!

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінен оның басшысы және Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов қол қойған Ордабасы ауданының білім бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған конкурс қорытындысына қатысты Гулнур Батырбайқызы Сулейменоваға үшбу хат келді. Қысқасы, мемлекеттік мекеме осыдан бір ай бұрын шығарған өз шешімін оп-оңай бұза салды. Кім біледі, Гүлнұрдың «биографиясы» ...

Читать далее »

ТУРАЛЫҒЫ ЖОҚ ТҮРКІСТАН!

Қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын» деген тәмсіл бар. Бір күн балаларға сабақ бермеген Ғалымжан Орын біраздан бері Түркістан облыстық Білім басқармасының басшысы қызметін атқарып жүр. Қалай атқарып жүргенін осы саладағы көбейген дау-дамайдың өршуінен аңғаруға болатындай (ол жайында дайындаған саралауымыз бар, кейін жария ете жатармыз). Ал, бұл азаматтың еңбек жолын зерделесек: Қазығұрт ауданының Салық инспекциясы, Заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «FORTEBANK»-ТЫҢ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышевпен және банктің Түркістан қаласы филиалының директоры Зәмзагүл Азатовамен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі қаржылық инфрақұрылымды дамыту және Түркістан қаласында банк филиалының жаңа заманауи ғимаратын салу мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Түркістанның түркі әлемінің мәдени әрі рухани орталығы ретінде ғана емес, ірі іскерлік хаб ретінде де дамып келе жатқанын атап ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК ПАТРИОТТАР ФОРУМЫНДА ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай өңірлік патриоттар форумы ұйымдастырылды. Маңызды жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, мәслихат депутаттары, түрлі сала өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Салтанатты іс-шарада ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетіліп, Мемлекеттік Гимн орындалды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысушыларды мерекемен құттықтап, өңірде мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен ...

Читать далее »