Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «UBC Group» компаниясының құрылтайшысы Игорь Бурдыленкомен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірде жүзеге асқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы мен оларды одан әрі дамыту жолдары жан-жақты талқыланды. Келіссөз барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспорт көлемін ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударды. Әсіресе, «UBC Group» компаниясының қатысуымен іске асқан ...
Читать далее »Ежедневные архивы: 22.04.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ МЕН СУАРУ НАУҚАНЫ ТҰРАҚТЫ ӨТУДЕ
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары мен суару маусымы жоспарға сәйкес тұрақты жүргізілуде. Бүгінде өңірде жаздық дақылдар 316 мың гектар алқапқа егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар – 72 мың гектар, майлы дақылдар – 72 мың гектар, жоңышқа – 51 мың гектар, көкөніс – 31 мың гектар, бақша дақылдары – 38 мың гектар, ал мақта алқабы 52 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕРДІ ҚҰРУ ТӘЖІРИБИЕСІ БАСҚА ОБЛЫСТАРДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктерді құру тәжірибиесін басқа облыстарда қолдану жоспарланған. Тәжірибе алмасу мақсатында өңірлердің Түркістан облысына іссапарлары жалғасуда. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің салаға жауапты өкілдерінен құралған делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған аймақтарды аралады. Іссапар барысында делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, кәсіпорындардың жұмысын ...
Читать далее »ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФЛОАТ-ШЫНЫ ӨНДІРІСІН ІСКЕ АСЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР
Түркістан облысында шетелдік инвесторлар жаңа флоат-шыны өндіру жобасын іске асыруды көздеп отыр. Жобаны жіті зерделеу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, жер және инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын талқылады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 220 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба 2 кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОНКООПЕРАЦИЯНЫ СӘТТІ ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысында облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлері онкологиялық дерттің IV сатысындағы науқасқа жоғары технологиялық күрделі операцияны сәтті жасады. 43 жастағы науқасқа «тік ішектің аденокарциномасы, бауырға метастаздар» диагнозы қойылып, бұған дейін ҚазНИИОиР базасында 6 курс химиотерапия алған. Дәрігерлер кешенді тексеруден кейін тік ішек пен бауырға бір мезгілде симультанды ота жасауға шешім қабылдады. Операция барысында тік ішекке резекция жасалып, колостома қалыптастырылды. Сонымен қатар ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Түркістан қаласы аумағы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3,0 шақырым учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ескі асфальт жабындысы толықтай алынып, оның орнына заманауи талаптарға сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде. Қазіргі уақытта нысанның екі бағыттағы жүріс жолағында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Ендігі кезекте жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоба толық сәуір айының соңына ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА ТАРИХИ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛЕДІ
Түркістан қаласында жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында тарихи фильмдерді көрсету жобасы жүзеге асуда. Аталған бастама қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қолдауымен мектептерде қолға алынған. Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тарихи сананы қалыптастыру. Осы бағытта Түркістан қалалық «Мәдениет үйінде» мектеп оқушыларына «Жаужүрек мың бала» тарихи көркем фильмі ұсынылды. Кино көрсетілімге қала әкімінің ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА АЙТЫСКЕР АҚЫН БЕКАРЫС ШОЙБЕКОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Түркістандағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі айтыскер ақын, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Парасат» орденінің, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдары» атты кездесу кеші өтті. Салтанатты шарада облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әділ Қонысбеков құттықтау сөз сөйлеп, ресми түрде ашып берді. Жиында «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» атты 4 томдық жинақтың тұсаукесер рәсімі өтті. ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЖАС АҚЫН БАУЫРЖАН ЕРМАНМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесіне орай жас ақын, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Бауыржан Ерманмен кездесу кеші өтті. «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында өткен жиында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер назарына ұсынылды. Көрмеде ақынның шығармалары, сондай-ақ 2026 жылғы Түркістанның таңдаулы туындылары қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Кеш барысында қаламгердің шығармашылығы жан-жақты насихатталып, поэзиядағы өзіндік ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН ДЗЮДОДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Қытай елінің Ордос қаласында 16-19 сәуір күндері дзюдодан ерлер арасындағы Азия чемпионатында отандасымыз Айдар Арапов қола жүлдегер атанды. Айдардың жарыс жолы тартысқа толы болды. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен балуан алғашқы белдесуінде тайландтық қарсыласын иппон әдісімен айқын жеңді. Ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысына қосымша уақытта есе жібергенімен, жүлдеге деген үмітін үзген жоқ. Жұбаныш белдесуінде Тайвань өкілінен басым түсіп, ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары