Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).

Ежедневные архивы: 22.04.2026

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында «Ерлік пен бірлік – заң мен тәртіптің тірегі» атты кең ауқымды акция аясында «Таза Қазақстан» аллеясының ашылу салтанаты өтті. Игі бастама Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйытқы болуымен және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Акцияға зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар мен қоғам белсенділері, белсенді жастар қатысты. Аталған акция ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 120-ДАН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы Ордабасы ауданында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, ауыл инфрақұрылымын жақсартуға елеулі үлес қосты. 2019-2025 жылдар аралығында жалпы 10 млрд 887 млн теңгеге 122 жоба іске асырылды. Нәтижесінде жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар жаңартылып, спорт кешендері салынып, инженерлік инфрақұрылым жүйелері жақсарды. Жобаның алғашқы кезеңінде, 2019 жылы Темірлан елді мекенінде 384 млн теңгеге 9 жоба ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА 600 ЖҰМЫС ОРНЫН ҚАМТИТЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан қаласының «Бекзат» шағынауданында 20 гектар аумақта өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Жоба аясында жалпы 26 өндірістік ғимарат салу жоспарланған. Құны 7,6 млрд теңгені құрайтын жоба 3 кезеңмен іске асуда. Қазіргі таңда алғашқы 5 нысанның құрылысы толық аяқталып, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Өндірістік аймақта жол құрылысы жүргізіліп, жақын күндері асфальт төсеу басталады. Нысандарды осы жылы 15 мамырға дейін пайдалануға беру ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫМЕН 2500 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЕЛДІ МЕКЕН КӨШЕЛЕРІ ЖАҢАРДЫ

ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ауылдық жерлерді дамыту мәселесіне тоқталып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғыртуды қажет ететін елді мекендердің тізбесін анықтап, тиісті қаржыларды бөлу арқылы олардың әл-ауқатын жақсарту көзделген. Түркістан облысында жоба аясында 2019-2025 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАЙЫЛМА АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытында Төрткүл ауыл округіне қарасты Жайылма ауылы табиғи газбен қамтылып, тұрғындар көптен күткен игілікке қол жеткізді. Бүгінде ауылдағы 60 абонент көгілдір отынға қосылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков, мердігер мекеме – «Евро-Құрылыс» ЖШС өкілдері, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, бұл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ШАХМАТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Сербияның Врнячка-Баня қаласында өткен «FIDE World Cadet & Youth Rapid & Blitz Championships 2026» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған әлем чемпионатына 40 елден 400-ден астам шахматшы қатысып, 6 жас санаты бойынша сынға түсті. Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Аталған додада Түркістан қалалық балалар және жасөспірімдер спорт клубының тәрбиеленушісі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР КИКБОКСТАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ 7 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Павлодар қаласында 14-18 сәуір аралығында жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ел чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдеге қол жеткізді. Атап айтқанда, 48 келі салмақ дәрежесінде Әсемай Сүндетбай чемпион атанып, алтын жүлдені иеленді. Ал 44 келіде Арайлым Қоблан мен 81 келі (лоу-кик) салмақта Бағжан Алтай күміс жүлдегер атанды. Қола ...

Читать далее »

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА АЛЛЕЯ БОЙ КӨТЕРІП ЖАТЫР

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов Жылысу елді мекенінде болып, Ақжол көшесін абаттандыру бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысымен танысты. Аталған жоба – ауыл инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Қазіргі таңда нысанда негізгі жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында Ақжол көшесінің бойында тұрғындардың тынығуына және бос уақыттарын тиімді өткізулеріне, ауыл келбетінің жақсаруына қолайлы жағдай жасайтын ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕУРОПАЛЫҚ ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен 19-25 сәуір күндері аралығында еуропалық иммундау апталығы өтуде. Шараның мақсаты — адам өмірі мен денсаулығын сақтау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы тұрғындарды хабардар ету арқылы балалар мен ересектерді екпемен қамтуды ұлғайту. Бұл жайында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінде әлемде 20-дан астам инфецияға арналған екпе түрі бар. ...

Читать далее »

ӘДЕП ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

Мемлекеттік қызметшілер– мемлекет пен халық арасындағы негізгі дәнекер. Сондықтан мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен беделі көп жағдайда қызметшілердің кәсіби біліктілігімен қатар, олардың қызметтік әдеп нормаларын сақтауына тікелей байланысты. Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті жиынында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Әділ Бектұрғановтың төрағалығымен өткен жиында Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол ...

Читать далее »