ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ауылдық жерлерді дамыту мәселесіне тоқталып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғыртуды қажет ететін елді мекендердің тізбесін анықтап, тиісті қаржыларды бөлу арқылы олардың әл-ауқатын жақсарту көзделген.
Түркістан облысында жоба аясында 2019-2025 жылдары 136,5 млрд теңгеге 1 570 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, 1 404 — инфрақұрылымдық нысандарының құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2 421,3 шақырым ішкі көшелер орташа жөндеуден өтті, 38 елді мекен газбен қамтылды, 6 елді мекенде су жүйелерінің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді, 49 елді мекен сапалы электрмен қамтылып, жылу жүйелері қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ, 166 әлеуметтік нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. Мәселен, 25 мәдениет үйі салынып, 16 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, 22 спорт кешені салынды, 3 спорт ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, 1 стадион қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ, 65 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, 13 мектепке қосымша ғимараттар салынды, 13 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, 8 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде 373 елді мекен тұрғындарының (1 млн астам халық) өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды. Жобаларды жүзеге асыру барысында 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Жалпы 7 жыл ішінде Түркістан облысында 260 әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынып, 2 421 шақырым жол жөнделді. Бұл – бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасының жақсаруы, жастардың ауылда қалуына, жұмыссыздық деңгейін азайтуға, салықтық түсімдердің көбеюіне, кәсіпкерлікті дамытуға жасалған жағдай.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында атқарылған жұмыстар ауылдық аумақтардың даму деңгейін жаңа сатыға көтеруге ықпал етті. Инфрақұрылымның жаңаруы ең алдымен тұрғындардың күнделікті өмір сапасын жақсартып, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік берді. Жолдардың жөнделуі көлік қатынасын жеңілдетіп, әлеуметтік және экономикалық байланыстарды күшейтті.
Сонымен қатар инженерлік желілердің жаңғыртылуы ауыл тұрғындары үшін негізгі тұрмыс жағдайларын тұрақтандырды. Газ, су және электр жүйелерінің қолжетімді болуы халықтың өмір сүру қолайлылығын арттырып қана қоймай, шағын бизнестің дамуына да жағдай жасады. Бұл ауыл экономикасының жандануына тікелей әсер етеді.
Әлеуметтік нысандардың салынуы мен жөнделуі білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының сапасын көтерді. Жаңа мектептер мен медициналық пункттердің ашылуы тұрғындарға қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттырып, ауылда сапалы әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыруға жол ашты.
Жобаны іске асыру барысында мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуы жергілікті халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге елеулі үлес қосты. Бұл әсіресе жастардың ауылда тұрақтап, өз өңірінде еңбек етуіне ынталандыратын маңызды факторлардың бірі болды.
Жалпы алғанда, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы Түркістан облысында ауылдық аумақтардың кешенді дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартты. Атқарылған жұмыстар ауыл инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына берік негіз қалады.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы – Қазақстандағы ауылдық аумақтардың әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік маңызды бастамалардың бірі. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдарды заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын қалалық деңгейге жақындату. Бұл арқылы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын теңестіру көзделеді.
Жоба аясында тек жол, су, газ сияқты инженерлік жүйелер ғана емес, сонымен қатар білім беру, медицина және мәдениет салалары да кешенді түрде жаңғыртылады. Ауылдық жерлерде жаңа мектептер мен ауруханалар салу, ескілерін жөндеу арқылы халықтың сапалы қызметтерге қолжетімділігі артады. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының қалаға көшу үрдісін азайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы ауыл экономикасын дамытуға да серпін береді. Инфрақұрылым жақсарған сайын шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай қалыптасып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Нәтижесінде ауылдарда тұрақты даму қалыптасып, өңірлердің жалпы экономикалық әлеуеті арта түседі.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары