Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы өзгерту маңызды болып табылады.

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алуды жүзеге асыру көзделген.

Бұл жөнінде, Еңбекші ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылып келеді.

Атап айтқанда, қол астындағы қызметкері сыбайлас жемкорлықка қатысы анықталса, тікелей басшысының жауапкершілігін қарау мәселесі заңменмен бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және басшылық тәжірибесін тиімді қолдану мақсатында, саяси қызметшілер ротациясы енгізілді. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында, әдеп нормалары мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әдепті бұзғаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса, қызметшінің басқа лауазымға ауысуына шектеу қойылды.

Осы және бұдан да өзге енгізілген өзгерістерді аудан әкімінің аппараты қызметшілеріне жан-жақты кеңінен түсіндіру үшін ҚР Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депар­таменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шым­кент каласы бойынша депар­таменті өкілдерінің қатысуымен арнайы құқықтық семинарлар өткізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың I тоқсаны қортындысымен аудан әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Нәтижесі бо­йынша аудан әкімінің орынбасарлары мен аппараттың барлық бөлім басшыларына өздеріне бағынысты қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау мен алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыру қажеттігі қатаң тапсырылды.

 

Ғ.Ильясов, Еңбекші ауданының әкімі

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*