Атеросклероз дегеніміз — артерияның ішкі қабатында холестериннің қалдықтарынан құралған түйіндердің тұрып қалуынан пайда болатын артерияның созылмалы ауруы.Біраз уақыт өткеннен кейін сол түйін маңында дәнекер тін өсіп (склероз) және кальцийдің сіңбеленуінен тамыр қуысының толық бітелуі жүреді,ал бұл өз кезегінде осы артериямен қанданып тұрған мүшенің қан айналым жеткіліксіздігіне әкеледі.Осы қан айналым жеткіліксіздігі ұзақ уақытқа созылатын болса мүшеде гангрена,некроз дамуы мүмкін.
Атеросклероз еркектерде 50-60 жас шамасында,әйелдерде 60 жастан жоғары мерзімде көбірек кездеседі. Атеросклероз дамуына алып келетін қауіп факторлары. Жүре пайда болған қауіп факторлы мыналар:
· Темекі тарту
· Артық салмақ
· Қандағы холестериннің жоғарғы дәрежесі
· Қан қысымының жоғары болуы
· Стресс
· Аз қимылдау
Емі.Атеросклерозды толық емдеу қиындықтар тудырады.Барлық себепті бірден емдейтін препараттар әлі күнге дейін табылмады,сондықтан атеросклерозбен ауыратын науқастар өмір бойына ем қабылдайды.
Бүгінгі таңда аурудың әсерін төмендетудің бірнеше жолдары бар:
Ағзамызға холестериннің түсуін төмендету
· Мүшелер мен тіндерде холестерин синтезін төмендету
· Холестерин және оның өнімдерін ағзадан шығаруды жоғарлату
· Липидтердің тотығуын азайту;
· Менопауза кезеңіндегі әйелдерге эстроген алмастырушы терапияны қолдану
· Инфекциянның алдын алу
Ағзаға холестрин деңгейін аз түсіру үшін құрамында май және холестерин деңгейі жоғары тағамдарды қолданбай диета ұстау керек.Осындай диетаны тек ем үшін ғана емес профилактика мақсатында да қолднаған жөн.
Дәрі-дәрмекпен емдеуді бастамас бұрын науқастың биохимиялық қан анализіндегі липид деңгейіне қараймыз.
Қазіргі таңда атеросклерозды емдеуда қолданылатын дәрілерді төрт топқа бөлеміз.
1.Никотин қышқылының препараттары. Осы препарттардың артықшылығы-төмен баға болып табылады. Алайда бұл дәрілермен қажетті нәтижеге жету үшін үлкен дозада күніне 1,5-3г деңгейінде қолдану керек, ал дәріханаларда болса 1 таблеткада 0,05г никотин қышқылынан тұратын 30-60 таблеткалық препарттар ғана сатылады. Бұл препараттарды қабылдау кезінде дене қызуының жоғарлауы,бас ауру және іш аймағында ауырсыну болуы мүмкін. Никотин қышқылының препараттарын аш қарынға және ыстық шай немесе кофемен қабылдауға болмайды. Никотин қышқылы холестерин және триглицеридтер деңгейін төмендетеді, жоғарғы тығыздықты липопротеин деңгейін жоғарлатады. Бірақ бұл дәрілер бауыр ауруы бар науқастарға қолданылмайды, себебі бауырда майдың жиналуына алып келуі мүмкін.
2. Фибраттар. Бұл топтың препараттарына гевилан, атромид, мисклерон жатады. Олар майдың сіңірілуін төмендетеді. Жанама әсерлері өтте тастың пайда болуына және бауыр қызметінің бұзылуына алып келеді.
3. Өт қышқылының секвестранттары. Бұл препараттар өт қышқылымен байланысып оны организімнен шығарады,осыдан кейін холестерин және майлардың сіңуі болмайды. Осындай препараттарға холестид және холестирамин жатады. Осы дәрілердің дәмі жағымсыз, сондықтан оларды шырын немесе сорпамен ішу ұсынылады. Өт қышқылының секвестранттарын қолдану кезінде науқаста іш қату, метеоризм және басқа да асқазан ішек жолдарының бұзылыстары болуы мүмкін. Сонымен қатар өт қышқылының секвестранттары басқа препараттардың сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан басқа дәрілерді бұл дәрілерді қабылдамай тұрып 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 4 сағат кейін ғана қолданған жөн.
4.Статиндер тобы холестерин деңгейін өте қатты төмендететін препараттар болып табылады. Бұл препараттар холестриннің адам ағзасында түзілуін төмендетеді. Статиндерді саңырауқұлақтардан(зокор, мевакор, правахол) алады немесе синтетикалық жолмен(лескол) өндіреді. Жанама әсері бауыр қызметін бұзады.
Науқас қолданып жатқан дәрілердің тиімділігі жоғары болсын десе онда ол дәрігер айтқан ұсыныстарды есінде сақтау керек. Оларға дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты ұстану жатады. Ал аурудың хирургиялық емі-оның асқынуларын алдын алады.
М.Айбек