Аудан әкімімдігінің мәжіліс залында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалының көшпелі семинар-кеңесі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Бекжігіт Сердәлінің фейсбук парақшасына сілтеме жасап.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Сүлейменұлы, Шардара аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Нұрғали Мырзахметов, аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Семинарды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, профессор Бекжігіт Сердәлі жүргізіп отырды.
Семинарға қатысушылар Түркістан қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Әйгерім Жұмабаева мен аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Ақнұр Ташеваның баяндамасын тыңдады. Облыстағы, аудандағы қазақ тілінің қолданыстағы мәселелері төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-піркірлер айтылды.
Жиын соңында ұйымдық мәселе қаралып, Ордабасы ауданыңың Құрметті азаматы, республикалық «Qazaq» газетінің оңтүстік өңірдегі меншікті тілшісі, ақын-композитор, Құрманәлі Жылқыбай Ордабасы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып сайланды.
© Jetpisbai.kz