Шымкент қаласында 200 орындық ірі перинаталдық орталықтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда нысандағы жұмыстың 1/3 бөлігі аяқталып келеді: іргетасы құйылып, қабырғасы қалануда және инженерлік-коммуникациялық жүйелер жүргізілуде.
Сонымен қатар, сыртқы абаттандыру және сыртқы инженерлік желілерді жүргізу жұмысы басталды.
Жыл соңына дейін ғимараттың шатырын толық жауып, ішкі әрлеуін бастау жоспарланған.
Үш қабатты ғимаратта лаборатория, тамақтану блогы, бақылау-өткізу пункті, қазандық, медициналық газ станциясы және шаруашылық аймағы қарастырылған. Сонымен қатар, 123 автокөлікке, 16 әкімшілік көлігіне және 8 жедел жәрдем көлігіне арналған автотұрақтар, 120 м³ су резервуары, автокөліктерді дезинфекциялау алаңы мен саябақ болады.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, ана мен баланы қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған. Қала тұрғындары санының артуына байланысты заманауи медициналық нысанға қажеттілік туындап отыр.
Ұлттық және халықаралық стандарттарға сай болатын жаңа перинаталдық орталық іске қосылғаннан кейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының іргелес аудандарының тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, нысанның құрылысы 2026 жылдың сәуір айында басталды. Тиісті жұмысты толық аяқтау 2027 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары