Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз!

Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз!

Құрметті азаматтар!
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі туралы айтуға батылы жетпей жүрген, жақындарының зорлық-зомбылыққа ұшырағанын көрсе де, хабарлауға күмәнданып жүрген, сондай-ақ кеңес пен көмекке мұқтаж азаматтарға үн қатады.
Біз Threads әлеуметтік желісінде «Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз!» атты республикалық акцияны бастаймыз.
Енді сіздер осы желіде өз өтініштеріңізді қалдырып, сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.
Қажет болған жағдайда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға барып, тиісті шаралар қабылдайды.
Сондай-ақ, өздеріңізді толғандырған мәселелер бойынша хабарласып, қажетті кеңес пен түсіндірме алуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Акцияға басқа да мемлекеттік органдар, қоғам өкілдері, дағдарыс орталықтары мен Отбасын қолдау орталықтары тартылып, әрқайсысы өз құзыреті шегінде сіздердің өтініштеріңізді қарайтын болады.
Бізден сұраңыз.
Біз қасыңыздамыз – бұл жай ғана сөз емес.
Бұл – үнсіз қалмауға, көмек сұрауға және өзекті мәселелердің шешімін табу үшін нақты қолдау мен кері байланыс алуға шақыру.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*