Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ!

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ!

Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету – денсаулық сақтау саласының басты міндеттерінің бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға ерекше мән берілген.

Өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу бастамасы ауылдық елді мекендер мен шалғай аймақтардағы медициналық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Жаңа медициналық нысандардың бой көтеруі:

халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға;
алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жақсартуға;
заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытуға;
азаматтардың денсаулығын сақтауға және аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласына жасалған әрбір инвестиция – адам өміріне, ұлт саулығына және болашақ ұрпақтың игілігіне қосылған үлес.

Басты мақсат – әрбір азаматқа сапалы медициналық көмек көрсетіп, салауатты қоғам қалыптастыру.

Дені сау ұлт – қуатты Қазақстанның негізі!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*