Төлеби ауданының орталығы Леңгір қаласында қазақ халқының бірлігі мен тұтастығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан ұлы ойшыл, көрнекті мемлекет қайраткері Төле би бабаның мұрасына арналған мұражай ашылды. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев пен Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысты. Мерекелік жиында тұлғалардың мұрасын ұлықтау, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру және елдік дәстүрді сабақтастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Леңгір қаласының І мөлтек ауданындағы Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан музей ғимаратының жалпы ауданы — 673,07 шаршы метр. Бірнеше залдан тұратын мәдени орталықта Төле би бабаның өмірі мен қызметі, ел бірлігін нығайту жолындағы еңбегі және тарихи мұрасы кеңінен таныстырылады.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары